"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 10 қазандағы N 294-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған»"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  Заңын  іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі   - тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 10 қазандағы
N 294-ө өкімімен 
бекітілген    

  "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы"
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің
нысаны

Орындау
мерзімі

Орындалуы үшін
жауапты
мемлекет-
тік орган

1

2

3

4

5

1

Адам өмірі мен денсаулығы-
на және жануарларға,
қоршаған ортаға қауіп
төндіретін қауіпті тамақ
өнімдерін жою және кәдеге
жарату ережесін бекіту
туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

ДСМ

2

Санитарлық-эпидемиология-
лық қадағалануға тиісті
тамақ өнімдерін байыту
(фортификациялау) ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

ДСМ

3

Өндіріс объектілеріне
есептік нөмірлер беру
ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

АШМ
(жинақ-
тау), ДСМ
 

4

Қазақстан Республикасының
тамақ өнімдерінің қауіп-
сіздігі туралы заңнамасын-
да белгіленген талаптарға
тамақ өнімдерін әзірлеу
(жасау), өндіру (дайындау),
айналымы, кәдеге жарату
және жою процестерінің
(сатыларының) сәйкестігін,
әзірлеу (жасау), өндіру
(дайындау), айналымы,
кәдеге жарату және жою
кезінде пайдаланылатын
машиналар мен жабдықтардың,
материалдар мен бұйымдардың
сәйкестігін уәкілетті
органдардың келісуі
ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

АШМ
(жинақ-
тау), ДСМ

5

Қазақстан Республикасының
тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы
заңнамасында белгіленген
талаптарға тамақ өнімдерін
әзірлеу (жасау), өндіру
(дайындау), айналымы,
кәдеге жарату және жою
процестеріндегі (сатыларын-
дағы) олардың сәйкестігін,
тамақ өнімдерін әзірлеу
(жасау), өндіру (дайындау),
айналымы, кәдеге жарату
және жою процестерінің
(сатыларының) сәйкестігін
бақылауды жүзеге асыру
ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

ДСМ
(жинақ-
тау), АШМ

6

Генетикалық түрлендірілген
объектілердің қауіпсіздігін
ғылыми негізде растау
жөніндегі жұмыстар жүргізу
ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

ДСМ

7

Генетикалық түрлендірілген
объектілер айналымы
ережесін бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

ДСМ

8

Мемлекеттік тіркелуге
тиісті тамақ өнімдерін
әкелу (импорттау) ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

АШМ
(жинақ-
тау), ДСМ

9

Қазақстан Республикасының
аумағында алғаш рет
өндірілетін (дайындалатын)
және алғаш рет әкелінетін
(импортталатын) азықтарды
және азық қоспаларын
мемлекеттік тіркеу ережесін
бекіту туралы

Қазақстан
Республи-
касы
Үкіметінің
қаулысы

2007
жылғы
қазан

АШМ

10

Тамаққа биологиялық активті
қоспалардың қауіпсіздігін
ғылыми негізделген растау
жөнінде жұмыстар жүргізу
ережесін бекіту туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

ДСМ

11

Курортология ғылыми орта-
лықтарының табиғи минералды
суларды пайдалануға баль-
неологиялық қорытындылар
беруі ережесін бекіту
туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

ДСМ

12

Тамаққа биологиялық активті
қоспалардың айналымы
ережесін бекіту туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

ДСМ

13

Тамақ өнімдерінің қауіпсіз-
гін айқындау бойынша оларға
ветеринарлық-санитарлық
сараптама жүргізу тәртібін
бекіту туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

АШМ

14

"Жеке және заңды тұлғалар
ұсынған жаңа жетілдірілген
ветеринариялық препараттар-
дың ғылыми-техникалық
құжаттарына келісімі
бойынша нұсқаулықты бекіту
туралы"»Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашы-
лығы министрінің 2003 жылғы
3 наурыздағы N 105 бұйрығы-
на өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

АШМ

15

Тамақ өнімдерін өндіру және
сақтау объектілеріне, ішкі
сауда объектілеріне және
көлік құралдарына
санитарлық паспорттар беру,
есепке алу және жүргізу
ережесін бекіту туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

ДСМ

16

"Санитарлық-эпидемиология-
лық сараптауды өткізу
ережесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі-
нің 2003 жылғы 14 қарашада-
ғы N 841 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы

Бұйрық

2007
жылғы
қазан

ДСМ

Ескертпе :
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады