Қазақстан Республикасының аумағында алыстан радионавигациялау станцияларын құрудың орындылығы мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жүмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 7 қарашадағы N 327-ө Өкімі

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Қуанғанов             - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы      және ғылым вице-министрі, жетекші

Оңғарбаев             - Қазақстан Республикасы Білім және
Еркін Әнуарұлы          ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                        төрағасы, жетекшінің орынбасары

Байжанов              - Қазақстан Республикасы Білім және
Бектұр Сембіұлы         ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                        "Математика, информатика және
                        механика институты" республикалық
                        мемлекеттік кәсіпорны бас директорының
                        орынбасары, хатшы

Кәлменов              - Қазақстан Республикасы Білім және
Тынысбек Шәріпұлы       ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                        "Математика, информатика және
                        механика институты" республикалық
                        мемлекеттік кәсіпорны бас директоры

Хачикян               - Қазақстан Республикасы Білім және
Владислав Саркисович    ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
                        "Математика, информатика және
                        механика институты" республикалық
                        мемлекеттік кәсіпорны бас ғылыми
                        қызметкері

Нүпбаев               - Қазақстан Республикасы Қарулы
Құдайберлі Тайтөлеуұлы  Күштерінің Ақпараттандыру және
                        байланыс бас басқармасы жауынгерлік
                        ақпарат жүйелері басқармасының
                        бастығы

Сұлубеков             - Қазақстан Республикасы Қарулы
Абзал Әбдіғалиұлы       Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас
                        штурманы

Байназаров            - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Қайрат Нарынбайұлы      министрлігінің Штабтар бастықтары
                        комитеті Жедел жоспарлау департаментінің
                        аға офицері

Тәжімұратов           - Қазақстан Республикасы Көлік және
Ғабит Қалиұлы           коммуникация министрлігі Азаматтық
                        авиация комитетінің басқарма бастығы

Нұрмұхамедов          - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Олжас Бақытжанұлы       қауіпсіздік комитетінің қызметкері

Шоров                 - Қазақстан Республикасы Экономика
Аслан Жылқыайдарұлы     және бюджеттік жоспарлау
                        министрлігінің Экономика секторын
                        дамыту департаменті көлік және
                        байланыс бөлімінің бастығы

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының аумағында алыстан радионавигациялау станцияларын құрудың орындылығы мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады