Жылдық қаржылық есептілікке арналған есепті кезең мерзімдерін өзгертудің орындылығы мәселесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 379-ө Өкімі

      1. Жылдық қаржылық есептілікке арналған есепті кезең мерзімдерін өзгертудің орындылығы мәселесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Саудабаев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Советұлы              вице-министрі, жетекші

Айтжанова                  - Қазақстан Республикасы Қаржы
Жәмила Нұрматқызы            министрлігі Мемлекеттік активтерді
                             басқару әдіснамасы департаментінің
                             директоры, жетекшінің орынбасары

Қаймолдинова               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Анар Бақытқанқызы            министрлігі Мемлекеттік активтерді
                             басқару әдіснамасы департаментінің
                             Бухгалтерлік есеп әдіснамасы және оны
                             дамыту басқармасы бухгалтерлік есеп
                             әдіснамасы бөлімінің бастығы, хатшы

Қанапиянов                 - Қазақстан Республикасы Алматы
Шыңғыс Сержанұлы             қаласының өңірлік қаржы орталығының
                             қызметін реттеу агенттігі төрағасының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Әбдірахманов               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Алмасұлы              нарығы мен қаржы ұйымдарының реттеу
                             және қадағалау агенттігі Бағалы
                             қағаздар нарығы субъектілерін және
                             жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау
                             департаментінің директоры (келісім
                             бойынша)

Парусимова                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Любовь Ивановна              министрлігі Есептілік және статистика
                             департаментінің директоры

Шалғымбаева                - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Нұртай Тұяққызы              Бухгалтерлік есеп департаментінің
                             директоры (келісім бойынша)

Раисов                     - Қазақстан Республикасы Статистика
Данар Дулатұлы               агенттігінің Үйлестіру департаменті
                             директорының орынбасары

Баймаронова                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Айнұр Олжабайқызы            министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
                             жекешелендіру комитеті Республикалық
                             мемлекеттік кәсіпорындардың және
                             мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес
                             заңды тұлғалардың қызметін талдау
                             басқармасының бастығы

Қизатов                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Олжас Төлегенұлы             Үйлестіру департаменті экономика
                             басқармасының бастығы (келісім бойынша)

Ғайнуллиев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
Амантай Өтегенұлы            министрлігінің Салық комитеті қаржы
                             секторына әкімшілік жүргізу және оның
                             мониторингі бөлімінің бастығы

Хегай                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Елена Юрьевна                министрлігінің Салық комитеті
                             корпоративтік табыс салығының
                             әдіснамасы бөлімінің бастығы

Жақсенова                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Зарина Мұратқызы             министрлігі Заңнама департаментінің
                             бас маманы

Жауғашева                  - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Ботагөз Сәтбекқызы           сауда министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту
                             департаментінің бас маманы

      2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде жылдық қаржылық есептілікке арналған есепті кезең мерзімдерін өзгертудің орындылығы мәселесі жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады