Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 247-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы N 8-ө Өкімі

      "Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесін салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткіштерін орнату жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 247-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген өкіммен бекітілген Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) этномәдени орталығы мен әл-Фараби кесенесін салу, Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен Каир қаласындағы (Египет Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыстың мешітін қалпына келтіру және Дамаск қаласында (Сирия Араб Республикасы) Сұлтан Бейбарыс пен әл-Фарабиге монумент ескерткіштерін орнату жобаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      "Орындалу мерзімі" деген 4-бағандағы реттік нөмірі 5-жолда "2007 жылғы қараша" деген сөздер "2008 жылғы наурыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолда:
      "іс-шаралардың атауы" деген 2-бағандағы "(шамамен 2008 жыл)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Орындалу мерзімі" деген 4-бағандағы "2007 жылғы ІІІ тоқсан" деген сөздер "2008 жылғы IV тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады