Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің 2005 - 2007 жылдардағы пайдаланылуын талдау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 17-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің пайдаланылуын талдау мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Сұлтанғазин            - Қазақстан Республикасы Қаржы
Әнуарбек Жәлелұлы        министрлігінің жауапты хатшысы,
                         жетекші

Қалиева                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Анар Нұрдыбайқызы        министрлігі Мемлекеттік бюджеттің
                         атқарылуын талдау және әдіснамасы
                         департаментінің директоры,
                         жетекшінің орынбасары

Еңсепова               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Лия Серікқызы            министрлігі Мемлекеттік бюджеттің
                         атқарылуын талдау және әдіснамасы
                         департаментінің бюджеттің шығыс
                         бөлігінің атқарылуын талдау және
                         әдіснамасы басқармасы жалпы
                         сипаттағы шығындар бөлімінің
                         бастығы, хатшы

Айымбетов              - Қазақстан Республикасының
Сейітсұлтан Сүлейменұлы  Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
                         (келісім бойынша)

Әлімжанов              - Қазақстан Республикасының
Бекен Өкенұлы            Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің
                         хатшысы (келісім бойынша)

Котович                - Қазақстан Республикасының
Валерий Николаевич       Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Экология және табиғатты пайдалану
                         мәселелері комитетінің хатшысы
                         (келісім бойынша)

Доскалов               - Қазақстан Республикасының
Валерий Алексеевич       Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Экономикалық реформа және өңірлік
                         даму комитетінің мүшесі
                         (келісім бойынша)

Тінекеев               - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Бәкірұлы          Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Заңнама және сот-құқықтық реформа
                         комитетінің мүшесі (келісім бойынша)

Тілеубердин            - Қазақстан Республикасының
Алтай Абылайұлы          Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Аграрлық мәселелер комитетінің
                         мүшесі (келісім бойынша)

Асанов                 - Қазақстан Республикасының
Тұрарбек Мәжілұлы        Парламенті Мәжілісінің депутаты,
                         Халықаралық істер, қорғаныс және
                         қауіпсіздік комитетінің мүшесі
                         (келісім бойынша)

Асқарова               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Айгүл Ермағамбетқызы     министрлігінің Қазынашылық
                         комитеті төрағасының орынбасары

Тілеумұратов           - Қазақстан Республикасы Қаржы
Юрий Жұмабайұлы          министрлігінің Қаржылық бақылау
                         және мемлекеттік сатып алу
                         комитеті төрағасының орынбасары

Күлекина               - Қазақстан Республикасы Экономика
Гүлгүл Сиязбекқызы       және бюджеттік жоспарлау
                         министрлігінің Өңірлік саясат және
                         бюджетаралық қатынастар департаменті
                         бюджетаралық қатынастар басқармасының
                         бастығы

Жұмабаева              - Қазақстан Республикасы Экономика
Жұлдыз Төлендіқызы       және бюджеттік жоспарлау министрлігі
                         Мемлекеттік активтерді басқару
                         саясаты департаментінің мемлекеттік
                         активтерді басқару басқармасы
                         бастығының орынбасары

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 17 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар резервтерінің 2005-2007 жылдардағы пайдаланылуына талдау жүргізу нәтижелері жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады