Рухани мәдениеттің дүниежүзілік форумын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі N 92-ө Өкімі

      2008 жылғы 28 - 31 қазанда Астана қаласында Рухани мәдениеттің дүниежүзілік форумын (бұдан әрі - форум) сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қоса беріліп отырған форумды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2008 жылғы 1 маусымға дейін форумды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2008 жылғы 16 сәуірдегі
N 92-ө өкімімен    
бекітілген       

  Рухани мәдениеттің дүниежүзілік форумын дайындау және өткізу
жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Шөкеев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы            Министрінің орынбасары, жетекші

Ертісбаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ермұхамет Қабиденұлы        ақпарат министрі, жетекшінің орынбасары

Аяпова                    - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Роза Өтепқызы               ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси
                            жұмыстар департаменті директорының
                            орынбасары, хатшы

Тәжин                     - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Марат Мұханбетқазыұлы       министрі

Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы            министрі

Балиева                   - Қазақстан Республикасының Әділет
Зағипа Яхиянқызы            министрі

Түймебаев                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы        ғылым министрі

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы             коммуникация министрі

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының экономика
Бақыт Тұрлыханұлы           және бюджеттік жоспарлау министрі

Тасмағамбетов             - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Мұхаметжанов              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Төлеген Мұхаметжанұлы       Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Қарин                     - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ерлан Тынымбайұлы           Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің
                            меңгерушісі (келісім бойынша)

Исабаев                   - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Бейбіт Өксікбайұлы          ақпарат вице-министрі

Жаненова                  - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Ғалия Мәсәлімқызы           ақпарат министрлігі Әкімшілік жұмыс
                            және халықаралық ынтымақтастық
                            департаментінің директоры

Жолдасбеков               - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мырзатай Жолдасбекұлы       ақпарат министрлігі "Қазақстан
                            Республикасының Президенттік мәдени
                            орталығы" мемлекеттік мекемесінің
                            директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады