Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту және Біріккен Араб Әмірліктерінің Президент істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянның 2008 жылғы 18 сәуірдегі Қазақстан Республикасына сапарын (бұдан әрі - сапар) дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
қосымшаға сәйкес Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелеріне "1+5" форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 001 "Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегация жүретін бағыттар бойынша жол полициясының автомашиналарымен бірге жүруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
5. Астана қаласының әкімдігі Біріккен Араб Әмірліктері делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін.
6. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 17 сәуірдегі
N 93-ө өкіміне
қосымша
1. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының мүшелерін Астана қаласындағы "Риксос - Президент Астана" қонақ үйіне "1+5" форматы бойынша орналастыру, тамақтандыру және оларға көліктік қызмет көрсету.
2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапар бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
3. Біріккен Араб Әмірліктері делегациясының басшысы мен мүшелері үшін сыйлық және кәдесыйлар сатып алу.