Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың пайыздық көлемдерін ұлғайту мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 113-ө Өкімі

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың пайыздық көлемдерін ұлғайту мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Шөкеев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы            Министрінің орынбасары, жетекші

Бозымбаев                - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы        жөніндегі қазақстандық холдингі"
                           акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша), жетекшінің орынбасары

Тілеумұратов             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Юрий Жұмабайұлы            Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып
                           алу комитетінің төрағасы, хатшы

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бахыт Тұрлыханұлы          бюджеттік жоспарлау министрі

Ахметов                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы            коммуникация министрі

Ойнаров                  - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Азамат Рысқұлұлы           министрінің орынбасары

Ақшолақов                - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы              минералдық ресурстар вице-министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы         сауда вице-министрі

Бекетаев                 - Қазақстан Республикасының Әділет вице-
Марат Бақытжанұлы          министрі

Қарабалин                - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Ұзақбай Сүлейменұлы        акционерлік қоғамының президенті
                           (келісім бойынша)

Мамин                    - "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы"
Асқар Ұзақбайұлы           акционерлік қоғамының президенті
                           (келісім бойынша)

Қосынов                  - "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы"
Алмас Олжабайұлы           акционерлік қоғамының президенті
                           (келісім бойынша)

Әубәкіров                - "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі"
Тимур Тоқтарұлы            акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                           (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы екі ай мерзімде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру процесінде алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың пайыздық көлемдерін ұлғайту жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

       Премьер-Министр                                      К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады