2008 жылғы 1-2 қазанда Астана қаласында және 2008 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының "Оқжетпес" санаторийінде (Ақмола облысы, Бурабай кенті) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің мерейтойлық XXVIII отырысына (бұдан әрі - отырыс) дайындық және оны өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, отырысқа дайындық және оны өткізу жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 2008 жылғы 1-3 қазанда отырыс өткізуге және оған дайындыққа арналған шығыстарды 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкілдік шығындар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.