1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 23 тамыздағы
N 219-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне
концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 5 шілдедегі
Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с
|
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
ЭБЖМ |
2008 жылғы
|
2 |
Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу және концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
ЭБЖМ |
2008 жылғы
|
3 |
Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтелуін ұсыну ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
ЭБЖМ |
2008 жылғы
|
4 |
Қоса қаржыландыруды қажет ететін концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
ЭБЖМ |
2008 жылғы
|
5 |
Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
Қаржымині |
2008 жылғы
|
6 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан
|
ЭБЖМ
|
2008 жылғы
|
7 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан
|
ККМ |
2008 жылғы тамыз |
8 |
Өз қызметін концессия шарттары бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тарифтерін (бағаларын, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы |
Қазақстан
|
ТМРА |
2008 жылғы тамыз |
9 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 443 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2008 жылғы тамыз |
10 |
Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
2008 жылғы тамыз |
11 |
Концессияға жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы |
Бұйрық |
ЭБЖМ |
2008 жылғы тамыз |
12 |
Концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілеу туралы |
Бұйрық |
ЭБЖМ |
2008 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі