"АЕS Екібастұз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "КЕGОС" акционерлік қоғамы арасындағы Омбы қаласына (Ресей Федерациясы) электр энергиясын беру шартына байланысты проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 26 тамыздағы N 222-ө Өкімі

      "АЕS Екібастұз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "KEGOC" акционерлік қоғамы арасындағы Омбы қаласына (Ресей Федерациясы) электр энергиясын беру шартына байланысты проблемалық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Тұрғанов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Дүйсенбай Нұрбайұлы        минералдық ресурстар вице-министрі,
                           жетекші

Шкарупа                  - Қазақстан Республикасы Табиғи
Анатолий Валерьевич        монополияларды реттеу агенттігі Электр
                           және жылу энергетикасы саласындағы
                           реттеу департаментінің директоры,
                           жетекшінің орынбасары

Сәлімжуарова             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Жанна Ғайниқызы            минералдық ресурстар министрлігі Электр
                           энергетикасы және көмір өнеркәсібін
                           дамыту департаментінің бас маманы, хатшы

Қожахметов               - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Жанат Мұратұлы             қорғау агенттігі төрағасының орынбасары

Жексембаев               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Қуандық Аманжолұлы         бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
                           салаларын дамыту департаменті
                           директорының орынбасары

Жұмағалиева              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Роза Изімқызы              Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
                           комитеті мониторинг және жекешелендіруден
                           кейінгі бақылау басқармасының бастығы

Хатиев                   - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Әнуар Нұрманұлы            қорғау агенттігі анықтау басқармасының
                           бастығы

Қошымбаев                - Павлодар облысы Энергетика және
Серік Мүкейұлы             коммуналдық шаруашылық департаменті
                           директорының орынбасары (келісім бойынша)

Ерғалиев                 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Руслан Ескендірұлы         Халықаралық құқық және мемлекеттің
                           мүліктік құқықтарын қорғау
                           департаментінің бас сарапшысы

Мұратұлы Данияр          - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
                           Халықаралық құқық және мемлекеттің
                           мүліктік құқықтарын қорғау
                           департаментінің бас сарапшысы

Биман                    - Қазақстан Республикасы Табиғи
Сейфуль-Мәлік              монополияларды реттеу агенттігі Электр
Шереханұлы                 және жылу энергетикасы саласындағы
                           реттеу департаментінің бас сарапшысы

Ли                       - "KEGOC" акционерлік қоғамы экономика
Валерий Константинович     жөніндегі вице-президентінің міндетін
                           атқарушы (келісім бойынша)

Балабатыров              - "KEGOC" акционерлік қоғамы Жүйелік
Асқар Сейітжанұлы          қызметтер департаментінің директоры
                           (келісім бойынша)

Вязьмина                 - "KEGOC" акционерлік қоғамы Заң
Анна Николаевна            департаментінің директоры (келісім
                           бойынша)

Амиров                   - "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамы
Феликс Сергеевич           активтерді басқару департаментінің
                           директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2008 жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде "АЕS Екібастұз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "KEGOC" акционерлік қоғамы арасындағы Омбы қаласына (Ресей Федерациясы) электр энергиясын беру шартына байланысты мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

       Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады