"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 293-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

       Премьер-Министр                               К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                        2008 жылғы 30 желтоқсандағы
                                        N 293-ө өкімімен бекітілген

   "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
   ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары
  қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
    енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы
         20 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында
           қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                   актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҚҚА (келісім бойынша)

2008 жылғы желтоқсан

2.

Салымшыда (алушыда) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы түрлі жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан екі және одан да көп шарт болған кезде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларынан біреуіне аудару ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Еңбекмині, ҚҚА (келісім бойынша)

2008 жылғы желтоқсан

3.

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарын аудару, сондай-ақ салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын бір зейнетақы қоры ішінде инвестициялық портфельдің бір түрінен екінші түріне аудару ережесін бекіту туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2008 жылғы желтоқсан

4.

"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2008 жылғы желтоқсан

5.

"Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік маңызы, олардың есебінің әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 117 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2009 жылғы желтоқсан

6.

"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2009 жылғы желтоқсан

7.

"Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 119 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2009 жылғы желтоқсан

8.

"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2008 жылғы желтоқсан

9.

"Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталы туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 21 наурыздағы N 96 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2008 жылғы желтоқсан

10.

"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 153 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА

2008 жылғы желтоқсан

      Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады