"Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақсатан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 296-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомствалық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                        2008 жылғы 31 желтоқсандағы
                                        N 296-ө өкімімен бекітілген

        "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан
      Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске
    асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
                      актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Олар бойынша мәмілелер мониторингке жататын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша халықаралық іскерлік операциялар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

2.

Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

3.

Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

4.

Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

5.

Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібі туралы ереже

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2009 жылғы қаңтар

       Ескертпе:
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады