"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 20 қаңтардағы N 10-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 21 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

       Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

                                            Қазақстан Республикасы
                                              Премьер-Министрінің
                                            2009 жылғы 20 қаңтардағы
                                           N 10-ө өкімімен бекітілген

         "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
     актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен
     толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының
      2008 жылғы 21 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында
        қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
                             тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Байланыс саласындағы қызмет көрсетуді лицензиялау ережесін және байланыс саласында қызмет көрсетуді лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

2.

Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), ИСМ

2009 жылғы қаңтар

3.

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА

2009 жылғы қаңтар

4.

"Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы N 1293 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), Қорғанысмині, ІІМ, СІМ, Қаржымині КБК, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

5.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі N 362 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

6.

Радиожиілік спектрін конверсиялауды жүргізу ережесі мен радиожиілік спектрін конверсиялауды жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), ҚМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

7.

Ұялы байланыс операторының өз желісінде бірдей сәйкестендіру кодтары бар бірнеше абоненттік құрылғыларды байқаған жағдайда, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға хабардар ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИМ (жинақтау), АБА, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

8.

Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбіл кәріздеріндегі арналар мен алаңдарды беру қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), Қорғанысмині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

9.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің басым байланыс операторы үшін телекоммуникацияның басқа желілерін қосу қызметтерін көрсетудің, сондай-ақ осыған байланысты желілердің өзара әрекет етуі және трафикті өткізу бойынша міндеттеменің талаптарын айқындайтын шарттың үлгі нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

10.

"Телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 145-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

11.

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

12.

"Телефон байланысы қызметін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 29 қыркүйектегі N 204-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

13.

Телекоммуникация желілерінің күзетілетін аймақтарын белгілеу және олардағы жұмыс режимін бекіту туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

14.

Телекоммуникация желілері мен құралдарының зақымдануынан келген залалды анықтау ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

15.

Жиілік жолақтарды, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарды) тағайындау, радиоэлектрондық құралдар, жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, оларды шетелден әкелу, радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын тіркеу және пайдалану, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), Қорғанысмині, ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

16.

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді (бағаны) бекіту ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АБА

2009 жылғы қаңтар

17.

Телекоммуникация және почта байланысының жалпы қол жетімді қызметтер саласындағы табиғи монополиялар саласында тарифтер (бағалар, алым ставкаларын) бекіту ережесін бекіту туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

18.

Тарификация бірліктерінің мөлшерін бекіту туралы

Бұйрық

АБА (жинақтау), ҰҚК (келісім бойынша)

2009 жылғы қаңтар

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АБА               - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
                    байланыс агенттігі
ІІМ               - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Қорғанысмині      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
ИСМ               - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                    министрлігі
ҰҚК               - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                    комитеті
ТЖМ               - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                    министрлігі
Қаржымині         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
СІМ               - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                    министрлігі
Қаржымині КБК     - Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады