"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын пысықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 11-ө Өкімі

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын пысықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы             Министрінің орынбасары, жетекші

Шәженова                    - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дина Мэлсқызы                 бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                              жауапты хатшысы, жетекшінің орынбасары

Бабажанова                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Баян Ермекқызы                бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                              Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы
                              департаментінің директоры, хатшы

Құсайынов                   - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы              және бюджеттік жоспарлау вице-министрі

Әбілқасымова                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мәдина Ерасылқызы             Әкімшілігі Стратегиялық әзірлеу және
                              талдау орталығы меңгерушісінің
                              орынбасары (келісім бойынша)

Сыздықов                    - Қазақстан Республикасы Президенті
Елдар Мақсұтұлы               Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                              мониторинг бөлімі меңгерушісінің
                              орынбасары (келісім бойынша)

Қыраубаев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әлихан Сұлтанмұратұлы         Министрінің Кеңсесі Макроэкономикалық
                              талдау және бағдарламалық мониторинг
                              бөлімінің меңгерушісі

Ешанқұлов                   - Қазақстан Республикасы Әділет
Әділбек Еркінбекұлы           министрлігі Заңға тәуелді актілер
                              департаментінің сарапшысы

      2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын пысықтау жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.

       Премьер-Министр                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады