"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 14 наурыздағы N 40-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

                                          Қазақстан Республикасы
                                            Премьер-Министрінің
                                          2009 жылғы 14 наурыздағы
                                              N 40-ө өкімімен
                                                 бекітілген

     "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
  ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық
    қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009
    жылғы 12 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
         қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с
N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

"Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

2.

Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

3.

Ислам банктерінің пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің нысандарын және оны ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

4.

Ислам банкін таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкінің инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерінің есебінен сатып алынған мүлікті беру ережесін бекіту туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

5.

Ислам бағалы қағаздары проспектісіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

6.

Исламдық жалдау сертификаттарын шығарудың, орналастырудың, айналымға енгізудің және өтеудің талаптарын белгілеу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

7.

Исламдық арнайы қаржы компаниясын құруға және оның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

8.

Исламдық арнайы қаржы компаниясының ерікті қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына рұқсат беру ережесін бекіту туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

9.

Эмитент пен ислам бағалы қағаздар ұстаушыларының өкілі арасында жасалған ислам бағалы қағаздарын ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ ислам бағалы қағаздарын ұстаушылар өкілінің функциялар мен міндеттерді орындау тәртібін, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен мән-жайларын белгілеу туралы

ҚҚА басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

10.

Исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

ҰБ басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

11.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепке алуы және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҰБ басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2009 жылғы наурыз

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
            реттеу мен қадағалау агенттігі
      ҰБ  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады