Рұқсат беру жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 47-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы N 1100 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында:
      1. Мыналар:
      1) Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.
      2) 2-қосымшаға сәйкес құрамда рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сараптама тобы (бұдан әрі - сараптама тобы) құрылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.
      2. Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.
      3. Сараптама тобына сараптама тобының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын тарту, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат сұрату құқығы берілсін.
      4. Алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.
      5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705 Қаулысымен.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Премьер-Министрінің    
2009 жылғы 30 наурыздағы 
N 47-ө өкіміне      
1-қосымша         

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.

Рұқсат беру құжаттарын беруді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге түгендеу жүргізу жөніндегі жұмыс топтарының құрамы

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің    
2009 жылғы 30 наурыздағы 
N 47-ө өкіміне      
2-қосымша        

Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру
жөніндегі сараптаптама тобының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705 қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2011.12.12 N 150-ө; 30.04.2013 N 75-ө өкімдерімен.

Жұманғарин                   - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы                 вице-министрі, жетекші

Сәркеев                      - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Бақытжан Құрманбайұлы          министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                               комитеті төрағасының орынбасары

Бекешев                      - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Бауыржан Бейсенбайұлы          министрлігі Кәсiпкерлiктi дамыту
                               саясаты департаментiнiң директоры,
                               жетекшiнiң орынбасары

Жүргенова                    - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Айгүл Біржанқызы               министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                               саясаты департаментiнiң басқарма
                               бастығы, хатшы

Бұзырбаев                    - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Ерлан Маркленұлы               министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                               саясаты департаментi директорының
                               орынбасары

Мырзахметов                  - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Мұхтар Жұмабекұлы              министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                               саясаты департаментінің басқарма
                               бастығы

Әмiрғалина                   - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму
Құралай Игiлiкқызы             министрлiгi Кәсiпкерлiктi дамыту
                               саясаты департаментiнiң сарапшысы

Сатиев                       - «Нұр Отан» халықтық - демократиялық
Серік Аманжолұлы               партиясы Инновациялық комитетінің
                               Инновациялық даму бөлімінің
                               меңгерушісі (келісім бойынша)

Қалиев                       - «ҚазАлко» қауымдастығының президенті
Әміржан Қошқарбайұлы           (келісім бойынша)

Құрбанбаева                  - Қарағанды облысы кәсіпкерлері
Гүлнар Төретайқызы             қауымдастығының атқарушы директоры
                               (келісім бойынша)

Палташева                    - Қазақстан кәсіпкерлер форумының
Мунавара Тұрсынқызы            атқарушы директоры (келісім бойынша)

Тюгина                       - Астана қаласының Кәсіпкерлер құқығын
Ирина Валерьевна               қорғау жөніндегі қауымдастығының
                               директоры (келісім бойынша)

Қуанғанова                   - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы
Гүлнар Шаймұратқызы            директорының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Әбсеметов                    - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Дінмұхамед Бақытжанұлы         экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігі заң департаментінің
                               директоры (келісім бойынша)

Изатуллин                    - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Данияр Қайырбекұлы             экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің заң департаменті
                               директорының орынбасары (келісім
                               бойынша)

Нұғманов                     - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Тимур Ерсайынұлы               экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің құқықтық мәселелер
                               бойынша басқарушы директоры
                               (келісім бойынша),

Радаев                       - «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық
Сергей Юрьевич                 экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің техникалық реттеу
                               мәселелері бойынша басқарушы директоры
                               (келісім бойынша)

Пердебаева                   - «Экономикалық зерттеулер институты»
Раушан Сарбекқызы              акционерлік қоғамының аға сарапшысы,
                               (келісім бойынша)

Ансарова Ирина               - Қазақстан салық төлеушілер
                               қауымдастығының сарапшысы (келісім
                               бойынша)

Баймағанова                  - Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының
Әлия Қадырқызы                 сарапшысы (келісім бойынша)

Дисембаев                    - «Тұрақты даму үшін табиғат
Рамиль Науфильевич             пайдаланушылардың қазақстандық
                               қауымдастығы» заңды тұлғалар
                               бірлестігінің сарапшысы (келісім
                               бойынша)

Бұқанов                      - Қазақстан Республикасы Күзет ұйымдары
Марат Әбдіқалықұлы             қауымдастығының Астана қаласындағы
                               өкілі (келісім бойынша)

Сабыров                      - Қазақстандық кеден брокерлері
Хакім Әбдуәлиұлы               қауымдастығының өкілі (келісім
                               бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 47-ө өкіміне     
3-қосымша       

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.

Рұқсат беру құжаттарының тізімі

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 47-ө өкіміне     
4-қосымша        

      Ескерту. 4-қосымша алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2009.11.17 N 163-ө өкімімен.

Мемлекеттік органдардың Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі сараптама тобының қарауына жұмыс нәтижелерін ұсыну мерзімдері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады