"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 31 наурыздағы N 48-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы кажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келісім бойынша) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутатының өкілеттігін тоқтату жөніндегі құжаттардың үлгілерін бекітсін және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      4. Жергілікті атқарушы органдар:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының тиісті мәслихаттарына енгізсін және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін;
      2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тиісті мәслихаттарына олардың регламенттерін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар жіберсін.

      Премьер-Министр                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 31 наурыздағы 
N 48-ө өкімімен      
бекітілген        

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 546 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2009 жылғы сәуір

2.

"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы

Облыстар, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы сәуір

3.

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ережесін бекіту туралы

Облыстар, Астана және Алматы қалалары мәслихаттарының шешімдері

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2009 жылғы сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады