"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 64-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат коры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық коры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік орган:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Премьер-Министрінің   
2009 жылғы 8 мамырдағы 
N 64-ө өкімімен     
бекітілген       

"Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" және "Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және
"Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 13 ақпандағы заңдарын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2009.10.26. N 149-ө Өкімімен.

Р/с
N

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындалуына жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1

Жер учаскелері мемлекет меншігінен жеке меншікке өтеусіз негізде берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЖРА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы шілде

2

Негізгі қызмет түрі қарыз операцияларын жүзеге асыру немесе талап ету құқықтарын сатып алу болып табылатын және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтер мен шартты міндеттемелерді (кредиттік серіктестіктердің активтері мен шартты міндеттемелерінен басқа) қоспағанда, шартты міндеттемелерге, күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесі, оны қалыптастыру ережесін және активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санаттағы міндеттемелерге жатқызу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

3

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайтын ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

4

Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

5

Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуының үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині (жинақтау), ЭМРМ, ИСМ, ЭБЖМ, ТМРА, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

6

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның пруденциалдық нормативтер, өзге де көрсеткіштер және лицензиат сақтауға міндетті қаржылық тұрақтылықтың өлшемдері (нормативтері) туралы нормалары қолданылмайтын заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

7

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Ұлттық әл-ауқат қорына меншік немесе сенімді басқару құқығында тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақтау), ЭБЖМ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

8

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімді басқару құқығында Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, акциялары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айырылатын және сенімгерлік басқаруға берілетін ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

9

Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Ұлттық әл-ауқат қорына меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі, оларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

10

Банктің жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2009 жылғы мамыр

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
ЖРА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады