Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 25 тамыздағы N 122-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 28 қаңтардағы № 14-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2010.01.28 № 14-ө Өкімімен

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы N 199 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Есекеев                  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы      байланыс агенттігінің төрағасы, жетекші

Маханбетәжиев            - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Батыр Әпенұлы              байланыс агенттігінің жауапты хатшысы,
                           жетекшінің орынбасары

Сәдуақасова              - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Жанат Жолдасқызы           байланыс агенттігі жобаларды дамыту және
                           ықпалдастыру басқармасының бастығы, хатшы

Броватая                 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Лариса Викторовна          ақпарат министрлігінің Ақпарат және
                           мұрағат комитеті төрағасының орынбасары

Күнтубаев                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Думан Жаппарбекұлы         Ақпараттық технологиялар департаментінің
                           директоры

Мұхамбетов               - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Мирлан Бегежанұлы          қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                           күрес агенттігінің (қаржы полициясы)
                           Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу
                           департаменті бастығының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Алтынбеков               - Қазақстан Республикасының, Президенті
Асхат Серікбайұлы          Күзет қызметінің департаменті бастығының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Тоқабаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Болат Қияқбайұлы           министрінің кеңесшісі

Қалымова                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Мәдина Николайқызы         Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды қорғау
                           бөлімінің бас сарапшысы

Бейсенов                 - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
Нұрлан Рахымжанұлы         Ақпараттандыру және байланыс бас
                           басқармасы ақпараттық технологиялар
                           басқармасының бастығы

Әліқұлова                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Лаура Болатбекқызы         бюджеттік жоспарлау министрлігі
                           Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
                           департаментінің мемлекеттік қызметтерді
                           автоматтандыру саясаты басқармасы
                           бастығының міндетін атқарушы

Мусин                    - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Әлиасқар Сыздықұлы         министрлігінің Ақпараттандыру және
                           байланыс департаменті ақпараттандыру
                           басқармасы бастығының уақытша міндетін
                           атқарушы

Петрищева                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Инна Николаевна            министрлігінің жоғары технологиялар
                           саласындағы қылмыстарға қарсы күрес
                           басқармасы бастығының орынбасары

Тәтенов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Ғалымбек Шәмілұлы          комитетінің бөлім бастығы (келісім
                           бойынша)

Тіленшиев                - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Алан Төлебайұлы            Әлеуметтік-экономикалық саладағы
                           заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім
                           бастығы (келісім бойынша)

Қарабеков                - Қазақстан Республикасы Әділет
Талғат Әбілханұлы          министрлігінің Экономика және қаржы
                           департаменті ақпараттық технологиялар
                           басқармасының бас сарапшысы

Сандыбаев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Берік Батырханұлы          комитетінің консультанты (келісім бойынша)

Жанаханов                - "Арна-Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі"
Қайсар Қадырұлы            акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының
                           орынбасары (келісім бойынша)

Әбілдин                  - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қанат Жанатұлы             байланыс агенттігінің "Телекоммуникациялар
                           саласындағы техникалық сүйемелдеу және
                           талдау орталығы" шаруашылық жүргізу
                           құқығындағы республикалық мемлекеттік
                           кәсіпорны директорының бірінші орынбасары.

      2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын енгізсін.
      3. Осы өкімінің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады