ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына Астана қаласының қатысуына арналған Халықаралық Көрмелер Бюросына өтінім дайындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы бірінші орынбасары, жетекші
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда министрі, жетекшінің орынбасары
Тасмағамбетов - Астана қаласының әкімі, жетекшінің
Иманғали Нұрғалиұлы орынбасары
Қазыбаев - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
Айдар Қалымтайұлы министрлігі Сауда комитетінің төрағасы,
хатшы
Төлеуханов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Дәурен Айтмұхаметұлы Кеңсесі Басшысының орынбасары
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы вице-министрі
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Қайырбек Айтбайұлы вице-министрі
Ашықбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Нығматоллаұлы министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің
төрағасы
Садықов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Барлыбай Кәрімұлы министрлігі Көп жақты ынтымақтастық
департаментінің директоры
Байбеков - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мырзақасым Ниязбекұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі Экономика
салаларын дамыту департаментінің директоры
Жақсылықов - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Тимур Мекешұлы
Қожасбай - Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп
Ерлан Сәдуақасұлы палатасының президенті (келісім бойынша)
Анарқұлов - "Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу
Нұржан Нәсірұлы жобалау институты" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны директорының бірінші орынбасары
Жүнісов - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы
Сәрсенбек Ендібайұлы басқармасының бастығы
2. Жұмыс тобы 2009 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде ЕХРО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрмесін өткізуге Астана қаласының өтінімін жылжыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов