"KazSat-2" байланыс және хабар тарату спутнигін орналастыру үшін Ресей тарапының үйлестірілген орбиталық позициясын беруі және Қазақстан Республикасы өтініш берген орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мәселелерін қарау және ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахметоллаұлы Кеңсесінің Басшысы, жетекші
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Азамат Болатұлы Кеңсесі Басшысының орынбасары, жетекшінің
орынбасары
Шаймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы агенттігі төрағасының орынбасары,
жетекшінің орынбасары
Күзембай - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Нұрғиза Төкенқызы агенттігінің Ғарыш қызметін дамыту
стратегиясы департаменті директорының
орынбасары, хатшы
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі
Басекеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Әділбек Әлімжанұлы Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму
бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Әріпханов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Айдар Әбдіразақұлы байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Баймұратов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Әбілхан Есенұлы байланыс агенттігі Байланыс департаментінің
директоры
Бекмағанбетов - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Бақытжан Оспанұлы байланыс агенттігінің Байланыс департаменті
байланыс саласында радиожиілік спектрін
тағайындау және мемлекеттік қадағалау
басқармасының бастығы
Соболевский - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Андрей Дмитриевич Қаржылық бақылау комитетінің басқарма
бастығы
Рыскелдинов - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
Сағатбек Бектілеуұлы жөніндегі есеп комитеті Мемлекеттік
активтер мен міндеттемелерді бақылау
бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Қазкенов - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Алан Аманжолұлы комитетінің аға консультанты (келісім
бойынша)
Лефтер - "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды
Виктор Дмитриевич құралдардың электр-магниттік үйлесімділігі
республикалық орталығы" акционерлік
қоғамының президенті (келісім бойынша)
Құдабаев - "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды
Бауыржан Төлеуханұлы құралдардың электр-магниттік үйлесімділігі
республикалық орталығы" акционерлік
қоғамының вице-президенті (келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде "KazSat-2" байланыс және хабар тарату спутнигін орналастыру үшін Ресей тарапының үйлестірілген орбиталық позициясын беруі және Қазақстан Республикасы өтініш берген орбиталық позицияларды халықаралық үйлестіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов