1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі:
1) орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 27 қазандағы
N 150-ө өкімімен
бекітілген
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с N |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА |
2009 жылғы қазан |
2. |
Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА (жинақтау), Еңбекмині, ТМРА |
2009 жылғы қазан |
3. |
Тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша кондоминиум объектісін басқару органы мен түпкі тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді көрсететін нарық субъектілері арасындағы ынтымақтастықтың үлгі шартын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА (жинақтау), ТМРА |
2009 жылғы қазан |
4. |
Коммуналдық қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ҚжТКШІА (жинақтау), ЭМРМ, АШМ |
2009 жылғы қазан |
5. |
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін белгілеу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
СА (жинақтау), ҚжТКШІА |
2009 жылғы қараша |
6. |
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы хаттамасының, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне жазбаша сауалнама жүргізу кезінде келісу парағының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің үлгі нысанын бекіту туралы |
ҚжТКШІА бұйрығы |
ҚжТКШІА |
2009 жылғы қазан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚжТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй
коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі