Қытайбұршақты өндіруге және қайта өңдеуге инвестициялар тарту мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 23-ө Өкімі

      Қытайбұршақты өндіруге және қайта өңдеуге инвестициялар тарту мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Күрішбаев                - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы         министрі, жетекші

Евниев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Арман Қайратұлы            вице-министрі, жетекшінің орынбасары

Есқалиев                 - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ерхат Серікұлы             сауда вице-министрі

Орман                    - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Анарбек Оңғарұлы           министрлігі Су ресурстары комитетінің
                           төрағасы

Райымбеков               - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Каналбек Өтжанұлы          басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Досымбеков               - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Тынышбай Досымбекұлы

Жолдасбаев               - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары
Мұратбай Сматайұлы

Пинчук                   - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Григорий Васильевич

Нұртаев                  - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Рзақұл Сәденұлы

Закариянов               - Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Төлеген Қабыкенұлы

Оспанов                  - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші
Берік Серікұлы             орынбасары

Айтуғанов                - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік
Қайрат Қапарұлы            корпорациясы» акционерлік қоғамының
                           басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Көшербаев                - «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік
Ермек Беделбайұлы          корпорациясы» акционерлік қоғамының
                           басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Сманқұлов                - «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік
Асқар Сұлтанұлы            корпорациясы» акционерлік қоғамының
                           басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Кененбаев                - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Серік Барменбекұлы         президенті (келісім бойынша)

Ошақбаев                 - «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық
Рахым Сәкенұлы             саясат талдамалық орталығы» жауапкершілігі
                           шектеулі серіктестігінің бас директоры
                           (келісім бойынша)

Жанғоразов               - «Kazyna Capital Management» акционерлік
Борисбий Ибрагимұлы        қоғамы басқарма төрағасының орынбасары
                           (келісім бойынша)

Омаров                   - «Қазақстанның ұлттық агроөнеркәсіптік
Рүстем Серікұлы            палатасы» заңды тұлғалар мен дара
                           кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

      2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне қытайбұршақты өндіруге және қайта өңдеуге инвестициялар тарту мәселесі бойынша ұсыныстар енгізсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады