"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 24-ө Өкімі

      1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
      3. Мемлекеттік органдар тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 12 ақпандағы
№ 24-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010
жылғы 20 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с
Нормативтік құқықтық актінің атауы Акт нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі
1 2 3 4 5

1

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

3

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Әділетминінің бұйрығы

Әділетмині

2010 жылғы ақпан

4

«Заңды тұлғалар - Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі басқармасының 2007 жылғы 2 шілдедегі № 02-02/158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

АӨҚОҚРА бұйрығы

АӨҚОҚРА

2010 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
      АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады