"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 63-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі:
      1) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 6 мамырдағы
№ 63-ө өкімімен   
бекітілген     

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

Р/с № Нормативтік құқықтық актінің атауы Аяқтау нысаны Орындауға жауапты мемлекеттік орган Орындау мерзімі

1.

Су шаруашылығы жүйелері салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді жеке тұлғалардың тұтыну көлемінің негіздеген шамасын белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА

2010 жылғы сәуір

2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТМРА

2010 жылғы сәуір

3.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ТМРА бұйрығы

ТМРА

2010 жылғы сәуір

Ескертпе:

ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады