Дүниежүзілік Банктің 2010 жылға арналған "Doing Business" рейтингі индикаторларын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 64-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Дүниежүзілік Банктің 2010 жылға арналған «Doing Business» рейтингі индикаторларын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) Кешенді жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2010 жылғы 6 мамырдағы 
№ 64-ө өкімімен    
бекітілген       

Дүниежүзілік Банктің 2010 жылға арналған «Doing Business»рейтингі индикаторларын жақсарту жөніндегі кешенді шараларжоспары

Р/с

Шара

Ұсынылатын іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауаптылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

6

1. «Кәсіпорындар ашу» индикаторы

1

Заңды тұлға мөрінің болуы немесе мөрдің баламасын енгізу міндеттемесін алып тастау мүмкіндігін қарастыру

Осы мәселені халықаралық тәжірибені зерделеп талдау және зерттеу жүргізу, осы мәселені Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Қазақстан кәсіпкерлерінің бірлестіктерімен және басқа да мүдделі тараптармен талқылау және келісу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Әділетмині, СА, Қаржымині, ЭДСМ, ҰБ, ЖРБА, әкімдіктер, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы I тоқсан

2

Мұндай қызметті барлық іске қосылған мемлекеттік органдарды ескере отырып, 5 күн ішінде алуды көздейтін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) бойынша мемлекеттік қызмет стандарттарына түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині, Қаржымині

2010 жылғы II тоқсан

2. «Меншікті тіркеу» индикаторы

3

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет стандарттарына жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімін қысқарту бөлігінде түзетулер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулысына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині, ҚҚА, ҚҚҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы II тоқсан

3. «Құрылысқа рұқсат алу» индикаторы

4

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері бойынша өңірлерде түсіндіру іс-шараларын жүргізу

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-тарға мақалалар

ЭДСМ-ға ақпарат

ҚжТКІША және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы шілде және желтоқсан

5

Объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту рәсімін оған қабылдау және мемлекеттік қабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойғаннан кейін алып тастау мүмкіндігін қарау

Ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚжТКІША және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылдың ішінде

4. «Жұмыс күшін жалдау» индикаторы

6

Индикаторды есептеу әдіснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдістемесімен танысу қажеттілігіне байланысты Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференциялар өткізу

Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылар (келісім бойынша)

2010 жылдың ішінде

7

Қызметкерлерді жалдау және жұмыстан босату практикасы мәселелері бойынша жұмыс берушілердің хабардар болуын арттыру

Өңірлерде, Астана және Алматы қалаларында семинарлар өткізу

ЭДСМ-ге ақпарат

Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жыл ішінде

8

Қазақстан Республиканың еңбек заңнамасын талдау

«Жұмыс күшін жалдау» индикаторы бойынша рейтингті жақсарту мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Еңбекмині, Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ,  USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы желтоқсан

5. «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» индикаторы (Инфрақұрылым)

9

Индикаторды есептеу әдіснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдістемесімен танысу қажеттілігіне байланысты Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференциялар өткізу

ИЖТМ, ҚжТКІША, ТМРА, ЭДСМ, Әділетмині, USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жыл ішінде

6. «Кәсіпорындарды тарату» индикаторы

10

«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және тұтастай алғанда банкроттық туралы қолданыстағы жүйені жетілдіру

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, Әділетмині, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы қазан

11

Жеке тұлғалардың банкроттық институтын енгізу мәселесін қарау

Жеке тұлғалардың банкроттық институтын енгізу жөніндегі әлемдік тәжірибені талдау және ұсыныстар әзірлеу

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржымині, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы қазан

12

Орындалмаған салықтық міндеттемелері жоқ және тәуекел дәрежесі аз және орташа субъектілердің санатына жатқызылған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тарату тексерулерін жүргізу мерзімін азайту (тексерулердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2304 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында белгіленген мерзімге сәйкес)

Тәуекел дәрежесі аз және орташа санатқа жатқызылған шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық тарату тексерулерін жүргізуді аяқтау мерзімін қысқарту

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржымині

2010 жылғы желтоқсан

13

Орындалмаған міндеттемелері жоқ және мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәуекел дәрежесі аз және орташа субъектілердің санатына жатқызған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қайта ұйымдастыру мен ерікті түрде таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу

ҚРЗ-ның тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

Тұжырымдама

Қаржымині, Әділетмині, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы қазан

14

Өңірлерде бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кәсіпорындарды тарату саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы түсіндіру іс-шараларын өткізу

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-тарға мақалалар

ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржымині, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы шілде және желтоқсан

7. «Келісім-шарттарды орындау» индикаторы

15

Индикаторды есептеу әдіснамасын таныстыру, бастапқы ақпаратты жинау

Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен консультациялар

Жұмыстың басталуына және есептеу әдістемесімен танысу қажеттілігіне байланысты Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бейнеконференциялар өткізу

Әділетмині, ЖС, ЭДСМ

2010 жыл ішінде

8. «Халықаралық сауда» индикаторы

16

Темір жол вагондарын жүктен босату кезінде, кеден органдарынан хабарлама болмаған кезде кеден органдарының міндетті белгісі туралы норманы алып тастау

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ККМ, Қаржымині, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ,  USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы қыркүйек

17

Кедендік декларациялау кезінде қажетті құжаттардың тізбесін қысқарту

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасын Үкіметке енгізу

Кеден одағы Кеден кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасы

Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, мүдделі мемлекетті органдар, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ,  USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

18

Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу кезіндегі тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін регламенттеу

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасын Үкіметке енгізу

Кеден одағы Кеден кодексінің жобасы

Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасы «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ,  USAID пен Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы сәуір

19

Сыртқы сауда мәмілелері бойынша, оның ішінде кеден одағының құрылуын ескере отырып, репатриацияны бақылау тетігін оңтайландыру

1) Репатриацияны бақылау тетігін оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) Кеден одағы шеңберінде репатриацияны бақылауды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

2010 жылғы шілде

20

Тауарлар мен көлік құралдарын электрондық декларациялауға көшу бөлігінде заңнаманы жетілдіру





Бірінші кезең

Кеден қызметін жаңғырту бағдарламасы шеңберіндегі іс-шаралар

Кеден одағы Кеден кодексінің жобасы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің жобасы

Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині

2010 жылғы сәуір

Екінші кезең

Тауарларды және көлік құралдарын электрондық декларациялау жүйесін енгізу

Бірлескен бұйрық

Қаржымині, БАМ

2011 жылғы I жартыжылдық

Мынадай нормативтік құқықтық актілер әзірлеу:




1) «Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қаржыминінің бұйрығы;

Бұйрық

Қаржымині

2011 жылғы II жартыжылдық

2) «Тауарлар мен көлік құралдарын электрондық декларациялау жөніндегі ережені бекіту туралы» Қаржыминінің бұйрығы

Бірлескен бұйрық

Қаржымині, БАМ, Әділетмині

2011 жылғы II жартыжылдық

21

Шекарада берілетін құжаттардың тізбесін және бақылау жүргізу мерзімін регламенттеу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік бақылаудан өту туралы талон бланкісінің нысанын жетілдіру

ҚР Қаржымині Кедендік бақылау комитетінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл ережесін әзірлеу және бекіту

Бірлескен бұйрық

Қаржымині, ККМ, АШМ, ДСМ, Әділетмині, ҰҚК (келісім бойынша)

2010 жылғы II тоқсан

22

Шекарада бақылау жүргізген кезде шекара және кеден қызметтері функцияларының қайталануын болдырмау

Заңнамаға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰҚК (келісім бойынша), Қаржымині

2010 жылғы II тоқсан

23

Экспорттық-импорттық операциялар үшін бірыңғай электрондық терезені енгізу





Бірінші кезең

«Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қаулының жобасы

БАМ, ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, ҰБ (келісім бойынша), халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар (СӨП)

2010 жылғы шілде

Екінші кезең

Рұқсат беру құжаттарын беретін мемлекеттік органдардың дерекқорын кіріктіру. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу

Бірлескен бұйрықтар

2010 жылғы желтоқсан

24

Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, өңірлерде заңнаманы түсіндіру жөнінде, сондай-ақ халықаралық сауда саласында жүргізілетін реформалар туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізу

Дөңгелек үстелдер, семинарлар, БАҚ-тарға мақалалар

ЭДСМ-ға ақпарат

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдар

Ай сайын

25

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарындағы бизнес-ақпараттарға қолжетімдігін қамтамасыз ету

Ақпараттарды халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдардың Интернет-ресурстарында орналастыру

ЭДСМ-ға ақпарат

Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеуге тартылған мемлекеттік органдар

Ай сайын

9. «Салық салу» индикаторы

26

Қазақстан Республикасының салық салу саласындағы заңнамасын талдау

Салық салу саласындағы заңнамаға және басқа да нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭДСМ-ға ақпарат

Қаржымині, Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2010 жылғы қазан

10. «Инвесторларды қорғау» индикаторы

27

Қазақстан Республикасының заңнамасын «Инвесторларды қорғау» индикаторын жақсарту бөлігінде жетілдіру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

ҚҚА, ИЖТМ, Енбекмині, Әділетмині, Қаржымині, ЭДСМ, ҰБ, АӨҚОҚРА, «Атамекен одағы» ҚҰЭП, ҚКФ,  USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

2011 жылғы I тоқсан

11. Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру

28

Рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру

Орталық деңгейдегі сияқты өңірлік деңгейде де рұқсат беру құжаттарын қайта қарау және оңтайландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Атамекен» ҚҰЭП, ҚКФ, USAID және Дүниежүзілік Банк сарапшылары (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ЖС - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ЖРБА - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
ҚжТҮКІША - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
СА - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
«Атамекен» ҚҰЭП - «Атамекен Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы
ҚҚҚ - Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы
ҚКФ - Қазақстан кәсіпкерлері форумы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады