Монғолияда тұратын отандастардың мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 14 мамырдағы № 67-ө Өкімі

      Моңғолияда тұратын отандастардың мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі,
                          жетекші

Нұрымбетов              - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы        халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі,
                          жетекшінің орынбасары

Сақтағанов              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Нұрымбет Аманұлы          әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон
                          комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

Момышев                 - Қазақстан Республикасы Парламенті
Амангелді Аршабайұлы      Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Смайыл                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Алдан Зейноллаұлы         Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Қуандық Уәлиханұлы        және сауда вице-министрі

Жақсығалиев             - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Болат Сағидоллаұлы        министрлігінің Азия және Африка
                          департаментінің кеңесшісі

Дүйсенбаев              - Қазақстан Республикасының Көлік және
Еркін Сейдеғалиұлы        коммуникация вице-министрі

Трошихин                - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Михаил Васильевич         министрлігінің Ауылдық аумақтар комитеті
                          төрағасының орынбасары

Өмірбаев                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Арман Мұратұлы            Әлеуметтік саланың бюджеттік
                          бағдарламаларын жоспарлау, орындалуын
                          талдау және іске асырылуын бағалау
                          департаменті әлеуметтік қамсыздандыру және
                          әлеуметтік көмек басқармасының бастығы

Жиенбаев                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Еркінбек Рамазанұлы       министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің
                          азаматтық және иммиграция басқармасы
                          бастығының орынбасары

Қарин                   - «Нұр Отан» партиясының халықтық-
Ерлан Тынымбайұлы         демократиялық хатшысы (келісім бойынша)

Шанаи                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Нәзипа Ыдырысқызы         Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы
                          Хатшылығының инспекторы (келісім бойынша).

      2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Моңғолияда тұратын отандастардың мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Осы өкімінің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады