2010 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 70-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының және Астана, Алматы қалаларының әкімдері спорт түрлерінен тиісті қоғамдық бірлестіктермен келісім бойынша 2010 жылы Қазақстан Республикасында республикалық және халықаралық жарыстарды (бұдан әрі - жарыстар) дайындауды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі жарыстардың өткізілу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі республика қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғауды, ресми адамдар мен жарыстарға қатысушылар тұратын және жарыстар өтетін жерлерде олардың қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жарыстарға қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі ұйымдастырушы ұсынған жарысқа қатысушылардың шығу графигіне сәйкес жарыстарға қатысушылардың темір жол және әуе көлігімен жол жүруі үшін орындарды броньдауды қамтамасыз етуде жәрдем көрсетсін.
      7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына жіберілетін жарыстарға қатысушы шетелдік азаматтарға визалық қолдау көрсетсін және визалар беруді жүргізсін.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес спорттық жабдықтар мен мүкәммалды кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.
      9. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм  және спорт министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 70-ө өкімімен   
бекітілген     

2010 жылы Қазақстан Республикасында республикалық жәнехалықаралық жарыстарды дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы

Досмұхамбетов            - Қазақстан Республикасының Туризм және
Темірхан Мыңайдарұлы       спорт министрі, төраға

Қанағатов                - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Елсияр Баймұхамедұлы       министрлігі Спорт комитетінің төрағасы,
                           төрағаның орынбасары

Әубәкіров                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Амантай Акрамұлы           вице-министрі

Бектұров                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы             коммуникация вице-министрі

Жошыбаев                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы          министрлігінің жауапты хатшысы

Оразов                   - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Нұрай Нұрғожаұлы           ақпарат вице-министрі

Шолпанқұлов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Берік Шолпанқұлұлы         вице-министрі

Қайырбекова              - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы          вице-министрі

Ахметов                  - Қарағанды облысының әкімі
Серік Нығметұлы

Есімов                   - Алматы қаласының әкімі
Ахметжан Смағұлұлы

Ізмұхамбетов             - Батыс Қазақстан облысының әкімі
Бақтықожа Салахатдинұлы

Дьяченко                 - Ақмола облысының әкімі
Сергей Александрович

Тасмағамбетов            - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Досымбетов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада
Тимур Камалұлы             комитетінің бас хатшысы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 70-ө-өкіміне   
қосымша       

2010 жылы Қазақстан Республикасында өткізілетін республикалық және халықаралық жарыстардың
тізбесі

Р/с
Іс-шараның атауы Өткізілу мерзімі Өткізу орны Өткізу үшін жауаптылар
1 2 3 4 5

1.

Муай-тайдан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» халықаралық турнирі

Наурыз

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Муай-тай федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

2.

Халықаралық қол добы федерациясының ауыспалы жүлдесі

Наурыз

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қол добы федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

3.

Бокстан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың кубогы үшін халықаралық турнир

Маусым - шілде

Астана қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Әуесқой бокс федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

4.

Таеквондо спортынан Азия чемпионаты

Мамыр

Астана қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Таеквондо федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

5.

Бокстан әйелдер арасында Азия чемпионаты

Мамыр - маусым

Астана қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Әуесқой бокс федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

6.

«Ғ. Қосанов мемориалы» жеңіл атлетикадан XX Халықаралық жарыс

5-6 маусым

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Жеңіл атлетика федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

7.

Триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы мен чемпионаты

23-27 маусым

Ақмола облысы, Бурабай

ТСМ, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

8.

Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты

1-7 шілде

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

9.

Триатлоннан Азия кубогы

14-18 шілде

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

ТСМ, Ақмола облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Триатлон федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

10.

Грек-рим күресінен «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кубогы» халықаралық турнирі

Шілде

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы

ТСМ, Қарағанды облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Күрес федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

11.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін 4-ші халық ойындары

Шілде

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

ТСМ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

12.

Спорттық акробатикадан Азия чемпионаты

Шілде

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Спорттық акробатика федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

13.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлделері үшін самбодан әлем кубогы

Шілде - тамыз

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

ТСМ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Самбо федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

14.

Волейболдан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир

Тамыз

Алматы қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Волейбол федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

15.

Стендтік және практикалық атудан Азия чемпионаты

17-26 қыркүйек

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Стенд және практикалық ату федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

16.

Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін дзюдодан лицензиялық әлем кубогы

25-26 қыркүйек

Алматы қаласы

ТСМ, Алматы қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Дзюдо федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

17.

Қазақ күресінен әлем чемпионаты

Қазан

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Қазақ-күресі федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

18.

Теннистен Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін Челленджер сериясының АТР халықаралық турнирі

Қараша

Астана қаласы

ТСМ, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасының «Теннис федерациясы» ҚБ (келісім бойынша)

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ҚБ - қоғамдық бірлестік

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады