Шикі мұнайға кедендік әкету баждарын қолдану мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 6 тамыздағы № 110-ө Өкімі

      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша өндірілген шикі мұнайға «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына сәйкес алынатын кедендік әкету баждарын қолдану мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын:

Дәленов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы         вице-министрі, жетекші

Сүлейменов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мұратұлы            даму және сауда вице-министрі,
                          жетекшінің орынбасары

Давидовская             - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Марина Петровна           Кедендік бақылау комитетінің энергия
                          ресурстарына кедендік бақылауды
                          ұйымдастыру басқармасының бас маманы,
                          хатшы

Қиынов                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Ләззат Кетебайұлы         газ вице-министрі

Алдашев                 - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Рүстем Ағыбайұлы          министрлігі Жер қойнауын пайдалануға
                          келісім-шарт және өнім бөлу туралы
                          келісім департаментінің директоры

Күшікова                - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Жанел Сабырқызы           даму және сауда министрлігі Сыртқы
                          сауда департаментінің директоры

Құлмырзин               - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Қуандық Сағындықұлы       министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту
                          департаментінің директоры

Ешанқұлов               - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Әділбек Еркінбекұлы       Заңға тәуелді актілер департаментінің
                          әлеуметтік-экономикалық салалар және
                          сыртқы байланыс мәселелері жөніндегі
                          актілерді сараптау басқармасының бастығы

Заиров                  - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Жасұлан Гиммалайұлы       министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту
                          департаменті мұнай жобалары мониторингі
                          басқармасының бастығы

Құдабаев                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Шафкат Серікұлы           Салық комитетінің мамандандырылған
                          басқармасының бастығы

Теңлібаев               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Нұржан Серікбайұлы        Кедендік бақылау комитетінің энергия
                          ресурстарына кедендік бақылауды
                          ұйымдастыру басқармасының бастығы

Ақмұхамедова            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әсел Әлжанқызы            Кедендік бақылау комитетінің энергия
                          ресурстарына кедендік бақылауды
                          ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығы

Жанбекова               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Балжан Боранбайқызы       Кедендік бақылау комитетінің энергия
                          ресурстарына кедендік бақылауды
                          ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығы

Айтмамбет               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Жарас Рахметұлы           Салық комитетінің мамандандырылған
                          басқармасының бас сарапшысы

Клепикова               - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Оксана Ивановна           министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға
                          келісім-шарт және өнім бөлу туралы келісім
                          департаментінің жер қойнауын пайдалануға
                          келісім-шарт және өнім бөлу туралы келісім
                          басқармасының бас сарапшысы

Күртінова               - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бибіжан Әлиханқызы        Салық комитетінің мамандандырылған
                          басқармасының бас сарапшысы

Рахымғожин              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дидар Сабыржанұлы         Кедендік бақылау комитетінің құқықтық
                          қамтамасыз ету басқармасының аға маманы.

      2. Жұмыс тобы 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша шикі мұнайға кедендік әкету баждарын қолдану мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. «Шикі мұнайға әкетілетін кедендік баждарды қолдану мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 шілдедегі № 203-е өкімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады