1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2010 жылғы 28 тамыздағы
№ 121-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы
15 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Акт нысаны |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі |
2010 жылғы тамыз |
2 |
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын мониторингтеу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі |
2010 жылғы тамыз |
3 |
Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі |
2010 жылғы тамыз |
4 |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Әділет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі |
2010 жылғы тамыз |