Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө және 2009 жылғы 11 маусымдағы № 82-ө өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 3-ө Өкімі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 4 наурыздағы № 31-ө өкімінде:
      көрсетілген өкіммен бекітілген 2009 - 2011 жылдары республикалық деңгейде өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесінде:
      4-бағанда:
      реттік нөмірі 8-1-жолда «МАМ» деген аббревиатура «БАМ, MM» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 9 және 10-жолдарда «МАМ» деген аббревиатура «MM, БАМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «MM - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
      БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»;
      2) «Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «Бота» қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 82-ө өкімінде:
      көрсетілген өкіммен мақұлданған Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен «Бота» қоғамдық қорының 2009 - 2011 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында:
      реттік нөмірі 5-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағанында «МАМ» деген аббревиатура «БАМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында:
      «МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі».

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады