Қазақстан Республикасында жоғарғы және жоғары деңгейлердегі жұмыс сапарларын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 9-ө Өкімі

      2011 жылғы 29 қаңтар - 4 ақпан кезеңінде Қазақстан Республикасына Мемлекет басшысы шақырған Әзірбайжан Республикасының, Түрікменстанның, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Біріккен Араб Әмірліктерінің делегациялары (будан әрі - делегациялар) басшыларының жұмыс сапарларын Астана мен Алматы қалаларында дайындау және өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегациялардың Астана мен Алматы қалаларына жұмыс сапарларын дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) делегациялардың басшылары мен мүшелеріне «1+5» форматы бойынша қызмет көрсету жөнінде ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарларды өткізуге арналған шығыстарды 2011 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» және 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі делегациялардың Астана мен Алматы қалаларының әуежайларындағы, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, сондай-ақ жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді және арнайы ұшақтарды күзетуді қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, делегациялардың Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшып өтуін, Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында қонуын және олардан ұшып шығуын;
      Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, олардың тұрағын және жанармай құюды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті атынан ресми қабылдаулар кезінде концерттік бағдарлама ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі іс-шараның бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
      7. Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері делегацияларды әуежайларда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, әуежайларды безендіруді, баратын жерлерге бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      8. Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы (келісім бойынша) Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында делегацияларды қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
      9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
№ 9-ө өкіміне  
қосымша     

Қазақстан Республикасында жоғарғы және жоғары деңгейлердегі
делегацияларға қызмет корсету жөніндегі ұйымдастыру шаралары

      1. Әзербайжан Республикасы, Түрікменстан, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Біріккен Араб Әмірліктері (бұдан әрі - делегациялар) делегация басшылары мен мүшелерін (1+5 форматы бойынша) және Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Астана мен Алматы қалаларындағы қонақ үйлерде орналастыру.
      2. Баспа өнімдерін (бейдждер, сапардың бағдарламалары, автомобильдерге арнайы рұқсатнамалар, куверттік карталар, қабылдауға шақырулар) дайындау.
      3. Делегацияларды қарсы алу және шығарып салу кезінде Астана мен Алматы қалаларының әуежайларында шай дастарханын ұйымдастыру және гүлмен безендіру.
      4. Іс-шараларды өткізу орындарын гүлмен безендіру.
      5. Делегациялардың басшылары мен мүшелері үшін сыйлықтар мен кәдесыйлар сатып алу.
      6. Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың атынан делегациялар басшыларының құрметіне ресми қабылдаулар (таңғы, түскі, кешкі астар) ұйымдастыру.
      7. Делегациялардың басшылары мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін тұлғаларға көліктік қызмет көрсету.
      8. Делегациялардың басшылары мен мүшелеріне, сондай-ақ бірге жүретін тұлғаларға медициналық қызмет көрсету. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады