"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 14-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

       Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 14-ө өкімімен   
бекітілген      

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық
салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 26 қарашадағы
Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

Р/с №

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындалу мерзімі

1.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті заңды тұлғаны айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

2.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
      Қаржымині  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады