"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 23-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ 23-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті
техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2011 жылғы 24 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1

Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), ІІМ, БҚА

2011 жылғы наурыз

2

Техникалық байқау орталықтарының тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ККМ (жинақтау), БҚА

2011 жылғы наурыз

3

Міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкісінің нысанын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ

2011 жылғы ақпан

4

Техникалық байқау орталықтарының қызмет өңірін айқындау қағидасын бекіту туралы

Бұйрық

ККМ (жинақтау), БҚА

2011 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БҚА - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады