"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы № 28-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Орындауға жауапты мемлекеттік органдар (келісім бойынша):
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
      2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

        Премьер-Министр                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 23 ақпандағы
№ 28-ө өкімімен   
бекітілген     

«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы»
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңын іске
асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі 

р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Жауапты мемлекеттік орган

Енгізу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Биоотын өндіретін зауыттарды салуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2011 жылғы ақпан

2.

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2011 жылғы ақпан

3.

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

AШM

2011 жылғы ақпан

4.

Азық-түлік қауіпсіздігіне  қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

AШM

2011 жылғы ақпан

5.

Биоотын айналымы бойынша декларациялардың нысанын, оларды табыс ету қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011

жылғы ақпан

6.

Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

7.

Биоотын өндірісінің көлемі туралы ақпараттың автоматтандырылған түрде берілуін қамтамасыз ететін есептегіш бақылау аспаптарын қолдану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2011 жылғы ақпан

8.

Өндіріс паспортын бекіту үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2011 жылғы ақпан

9.

Биоотын өндірушінің өндіріс паспортын әзірлеу және бекіту қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы

АШМ

2011 жылғы ақпан

10.

Биоотын өндірісі саласындағы тексеру бойынша ведомстволық есептілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірлескен бұйрығы

АШМ
ЭДСМ
БП
(келісім бойынша)

2011 жылғы ақпан

11.

Биоотын өндірісі саласындағы тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы

АШМ
ЭДСМ

2011 жылғы ақпан

12.

Биоотын өндірісі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы

АШМ
ЭДСМ

2011 жылғы ақпан

13.

Биоотын айналымы саласында құқық бұзушылықты жою туралы хабарламаның нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

14.

Биоотынды тасымалдаған кезде ілеспе жүкқұжаттарды табыс ету қағидасын, нысанын және мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы

Қаржымині

2011 жылғы ақпан

15.

Биоотын айналымы саласындағы тексеру бойынша ведомстволық есептілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірлескен бұйрығы

Қаржымині
ЭДСМ
БП
(келісім бойынша)

2011 жылғы ақпан

16.

Биоотын айналымы саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині
ЭДСМ

2011 жылғы ақпан

17.

Биоотын айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірлескен бұйрығы

Қаржымині
ЭДСМ

2011 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады