Астана қаласында 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 03 наурыздағы № 32-ө Өкімі

      2011 жылғы 7-9 маусымда Астана қаласында 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қоса беріліп отырған 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Мемлекеттік органдар, Астана қаласының әкімдігі және өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 3 наурыздағы
№ 32-ө өкімімен   
бекітілген     

7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын дайындау және
өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
(Астана қаласы, 2011 жылғы 7-9 маусым)

Р/с

Іс-шара

Орындалу мерзімі

Жауапты орындаушы

1

Мемлекет басшысы атынан 7-ші ДИЭФ-ке шақырылатын бұрынғы және қазіргі Мемлекет және Үкімет басшыларына шақыру хаттарының жобасын дайындау

Наурыз

ИЖТМ, СІМ

2

7-ші ДИЭФ-ке шақырылатын бұрынғы және қазіргі Мемлекет және Үкімет басшыларының қатысуын пысықтау

Наурыз - Мамыр

СІМ, ИЖТМ

3

7-ші ДИЭФ-ке шақырылатын қазіргі Мемлекет және Үкімет басшыларының келу бағдарламасын дайындау және ілесіп жүруді қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

СІМ, ИЖТМ

4

7-ші ДИЭФ-ке арналған Роад шоу (Баспасөз конференциялары) өткізуді дайындау. Елдер саны 9

Кестеге сәйкес

ИЖТМ, CІM

5

Өткізілетін іс-шараның ұйымдастырылуына демеушілерді тарту мәселесін пысықтау

Наурыз

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

Медиа-жоспар әзірлеу

6




1) 7-ші ДИЭФ-ті өткізуге байланысты іс-шараларды хабар тарату және баспа БАҚ-тарында жария ету жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеу

Наурыз

БАМ, ИЖТМ

2) Іс-шараның баспасөз-релизін дайындау, БАҚ-ты шақыру

Мамыр

ИЖТМ, БАМ

3) 7-ші ДИЭФ-ке шақыру үшін шетелдік БАҚ тізімін қалыптастыру және бекіту

Наурыз

СІМ, БАМ

4) Отандық және шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуді ұйымдастыру

Сәуір - Маусым

БАМ, СІМ

5) 7-ші ДИЭФ-ті өткізу кезеңінде халықаралық баспасөз орталығын ұйымдастыру және оның толық қанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

ИЖТМ, БАМ, «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік

7

Іс-шараларды өткізу орындарында қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау

Форум өтетін күндері

ІІМ, ПКҚ
(келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша)

8

Ресми делегациялар басшылары мен қатысушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Форум өтетін күндері

ДСМ, ПІБ (келісім бойынша)

9

ДИЭФ қоры хатшылығының пайдалануы үшін әкелінген материалдар мен жабдықтарды кедендік ресімдеу кезінде 7-ші ДИЭФ демеушілеріне және әріптестіктерге жәрдем көрсету

Мамыр - Маусым

Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша)


Логистика және визалық қолдау

10

7-ші ДИЭФ-ке шетелдік қонақтардың ұшып келу және ұшып кету кестесін жасау

Мамыр - Маусым

ИЖТМ, СІМ

11

Мемлекет және Үкімет басшылары, VIP персоналар үшін автокөлік қызметімен қамтамасыз ету

Маусым

ПІБ (келісім бойынша), ИЖТМ, СІМ

12

Астана қаласының әуежайы, 7-ші ДИЭФ-ке қатысушыларды орналастыру үшін таңдап алынған қонақ үйлер мен негізгі іс-шара өтетін орын аралығында автобус қатынасын қамтамасыз ету және ұйымдастыру

Маусым

Астана қ. әкімдігі, ИЖТМ

13

7-ші ДИЭФ-ке қатысушыларды визалық қолдауды қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

СІМ

14

7-ші ДИЭФ өткізу кезеңін Стамбул, Дубаи (Абу-Даби) қалаларынан Астана қаласына және Астана қаласынан тікелей халықаралық авиарейстерді ұлғайту жөнінде қажетті шараларды пысықтау

Наурыз - Маусым

ККМ, «Эйр Астана» АҚ (келісім бойынша)

15

7-ші ДИЭФ-тің жоғары мәртебелі қонақтарының коммерциялық және жеке меншік рейстерінің ұшып келуін және ұшып кетуін пысықтау

Мамыр - Маусым

ККМ, Астана қ. әкімдігі, СІМ

16

7-ші ДИЭФ-ке қатысушылар мен бірге жүру үшін ресми делегацияларға мемлекеттік органдарды бекіту

Мамыр - Маусым

Ұйымдастыру комитеті, СІМ, ИЖТМ

17

7-ші ДИЭФ-ке шетелдік қатысушыларды күтіп алу мен шығарып салуды, оның ішінде Астана қаласы әуежайының VIP-залы арқылы өткізуді қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

ИЖТМ, Астана қаласының әуежайы, Ұйымдастыру комитеті

Өткізу орнын техникалық жарақтандыру

18

7-ші ДИЭФ өткізу үшін тиісті үй-жайлармен қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

Астана қ. әкімдігі, ИЖТМ

19

ДИЭФ Қорының талаптарына сәйкес байланыспен және коммуникациямен қамтамасыз ету

Наурыз - Мамыр

ИЖТМ, БАМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Қазақтелеком» АҚ (келісім бойынша)

20

7-ші ДИЭФ өткізу орнын техникалық жарақтандыру (жарық, дыбыс)

Мамыр - Маусым

ИЖТМ, Астана қ. әкімдігі

21

Электрмен жабдықтаудың, климат бақылау жабдықтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

Астана қ. әкімдігі, ИЖТМ, Ұйымдастыру комитеті

22

7-ші ДИЭФ-та синхронды аударма үшін қажетті жабдықпен қамтамасыз ету

Мамыр - Маусым

ИЖТМ

23

Халықаралық шарттардың жобаларына қол қою салтанатты рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу

Мамыр - Маусым

ИЖТМ, CІM

24

7-ші ДИЭФ жұмысы үшін студенттер арасынан еріктілерді тарту мәселелерін пысықтау

Сәуір - Маусым

БҒМ

Үлестірме материалдар және Астана қаласын безендіру

25

Отырысқа қатысушылар үшін үлестірме материалдарды дайындау (буклеттер, портфельдер, блакноттар, кәдесыйлар және т.б.)

Наурыз - Мамыр

ИЖТМ

26

7-ші ДИЭФ-тың сыртқы жарнамаларын орналастыру орындарын ұсыну

Наурыз - Мамыр

Астана қ. әкімдігі, ИЖТМ

Форумға қатысушыларды қонақ үйлерге орналастыру

27

7-ші ДИЭФ-ке қатысушыларды орналастыру үшін ұсынылатын Астана қаласындағы қонақ үйлер бойынша ұсыныстар енгізу

Наурыз

Астана қ. әкімдігі

28

7-ші ДИЭФ-ке қатысушыларды Астана қаласындағы қонақ үйлерге орналастыру кезінде жәрдем көрсету

Форум өтетін күндері

Астана қ. әкімдігі, ИЖТМ

Іскер әйелдер форумы
2011 жылғы 7 маусым, сағат 10.15 - 17.00

29

ДИЭФ-тің Іскер әйелдер форумына қазақстандық және шетелдік қатысушылардың тізімін жасау

Наурыз - Мамыр

Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы (келісім бойынша)

30

ДИЭФ-тің Іскер әйелдер форумының спикерлері мен модераторларының тізімін жасау

Наурыз

Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығы (келісім бойынша)

31

ДИЭФ-тің Іскер әйелдер форумын ұйымдастыру және өткізу

Маусым

Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығы (келісім бойынша)

Жас көшбасылар форумы
2011 жылғы 7 маусым, сағат 10.15 - 17.00

32

ДИЭФ-тің Жас көшбасылар форумына қазақстандық және шетелдік қатысушылардың тізімін жасау

Наурыз - Мамыр

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты (келісім бойынша)

33

ДИЭФ-тің Жас көшбасылар Форумының спикерлері және модераторларының тізімін жасау

Наурыз

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты (келісім бойынша)

34

ДИЭФ-тің Жас көшбасылар Форумын ұйымдастыру және өткізу

Наурыз - Маусым

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты (келісім бойынша)

35

7-ші ДИЭФ шеңберінде өнер көрмесін ұйымдастыру және өткізу

Наурыз - Мамыр

Мәдениетмині, БҒМ, «Hұp Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты (келісім бойынша), Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы (келісім бойынша), ИЖТМ

Мемлекет басшысының қатысуымен ашылу салтанаты
2011 жылғы 8 маусым, сағат 09.00 - 12.00

36

Мемлекет басшысының сөйлейтін сөзін және басқа да қажетті материалдарды дайындау

Мамыр

ИЖТМ, СІМ

37

Мемлекет және Үкімет басшылары қатарынан спикердің қатысуын анықтау және пысықтау

Наурыз

СІМ, ИЖТМ

38

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, СІМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

39

Қазақстан мұсылмандарының Рухани басқармасымен Құран оқуды пысықтау

Мамыр

Мәдениетмині, ИЖТМ

1 ЖАЛПЫ ОТЫРЫС: Бұрынғы көшбасылардың қатысуымен.
ТАҚЫРЫБЫ: Көшбасылық панелі.
Кәсіпкерлік даму құралы ретінде: Табысқа қол жеткізуге
арналған жол картасы
2011 жылғы 8 маусым, сағат 13.30 - 15.00.

40

ҚР Премьер-Министрінің сөйлейтін сөзін және басқа да қажетті материалдарды дайындау

Мамыр

ЭДСМ, ИЖТМ, СІМ

41

Бұрынғы көшбасылардың ішінен спикердің қатысуын анықтау және пысықтау

Наурыз

СІМ, ИЖТМ, ЭДСМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

42

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ЭДСМ, СІМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

43

Қатысушылар тізімін анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, ЭДСМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

2-ШІ ЖАЛПЫ ОТЫРЫС:
ТАҚЫРЫБЫ: Фокустағы елдер: Бизнес, сауда және
инвестициялық мүмкіндіктер
(Елдерге қарай 2 секция бір уақытта жүргізіледі. Секциядағы
елдер құрамы анықталады)
2011 жылғы 8 маусым, сағат 15.00 - 17.00.

44

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

ЭДСМ, ИЖТМ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП

45

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ЭДСМ, ИЖТМ, «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, ДИЭФ (келісім бойынша)

46

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, ЭДСМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

Қосарлас сессиялар
2011 жылғы 9 маусым, сағат 09.00 - 10.30.

1-ШІ СЕССИЯ:
ТАҚЫРЫБЫ: Исламдық банкинг және қаржы:
жоспарды жоғарылата отырып

47

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

«АӨҚО» ҚРА  (келісім бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

48

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

«АӨҚО» ҚРА  (келісім бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ДИЭФ (келісім бойынша)

49

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

«АӨҚО» ҚРА  (келісім бойынша), ДИЭФ (келісім бойынша)

2-ШІ СЕССИЯ:
ТАҚЫРЫБЫ: Инфрақұрылымды дамыту, болашаққа арналған инвестициялар

50

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

ККМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ

51

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ККМ, ИЖТМ, ЭДСМ, МГМ,  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ДИЭФ (келісім бойынша)

52

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз

ККМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

3-ШІ СЕССИЯ:
ТАҚЫРЫБЫ: Шағын және орта бизнестегі инновациялар:
Болашақтағы өсуді ынталандыру (2011 жылғы 9 маусым)

53

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

ИЖТМ, ЭДСМ, «Самурық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

54

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, ЭДСМ, «Самурық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ДИЭФ (келісім бойынша)

55

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, ЭДСМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

Қосарлас сессиялар
2011 жылғы 9 маусым, сағат 11.00 - 12.30

4-ШІ СЕССИЯ: (№ 1 сессияның жалғасы)
ТАҚЫРЫБЫ: Дамушы елдердегі исламдық банкинг және қаржы:
мүмкіндіктерді қолдану, кедергілерге қарсы тұру

56

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

«АӨҚО» ҚРА (келісім бойынша), Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

57

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

«АӨҚО» ҚРА (келісім бойынша), Қаржымині, ҰБ

58

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

«АӨҚО» ҚРА (келісім бойынша), ДИЭФ (келісім бойынша)

5-ШІ СЕССИЯ:
ТАҚЫРЫБЫ: Халал әлемі:
Жаһандық Халал экожүйесі әлеуетін пайдалану

59

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

ИЖТМ, АШМ

60

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, АШМ

61

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, АШМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

6-ШЫ СЕССИЯ:
ТАҚЫРЫБЫ: Энергияның балама көздерін алу: таза, жасыл, қауіпсіз

62

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

63

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ

64

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

3-ШІ ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:
ТАҚЫРЫБЫ: Шексіз мүмкіндіктерге инновациялық технологияны енгізу
2011 жылғы 09 маусым, сағат 14.15 - 15.45

65

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

ИЖТМ, БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

66

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, БҒМ

67

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, БҒМ, ДИЭФ (келісім бойынша)

4-ІШ ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС:
ТАҚЫРЫБЫ: Жаһандық басшылардың панелі: инновациялық көшбасылық
2011 жылғы 9 маусым, сағат 15.45 - 17.15

68

Қазақстандық тараптан спикерді анықтау

Наурыз

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП (келісім бойынша)

69

Сессияның мазмұнды бөлігін пысықтау

Наурыз - Сәуір

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

70

Форумның қалған қатысушыларын анықтау

Наурыз - Сәуір

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ДИЭФ (келісім бойынша)

Қабылдаушы тараптан ресми қабылдау

71

1) Қабылдаушы тарап атынан VIP персоналарды үшін (Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі) ресми қабылдауды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін пысықтау

Сәуір - Мамыр

ПІБ (келісім бойынша), Астана қ. әкімдігі, ИЖТМ

2) Қабылдаушы тарап атынан барлық Форум қатысушылар үшін ресми қабылдауды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін пысықтау

Сәуір - Мамыр

ИЖТМ Астана қ. әкімдігі

Мәдени іс-шаралар

72


1) 7-ші ДИЭФ шеңберінде барлық қатысушылар үшін фуршет кезінде концерттік бағдарламаны ұйымдастыру

Мамыр - Маусым

ИЖТМ, Мәдениетмині, Астана қ. әкімдігі



2) Барлық қатысушылар үшін салтанатты қабылдау кезінде концерттік бағдарламаны ұйымдастыру

Мамыр - Маусым

3) VIP персоналар (Мемлекет және Үкімет басшылары) үшін салтанатты қабылдау кезінде концерттік бағдарламаны ұйымдастыру

Мамыр - Маусым

73

7-ші ДИЭФ-ке қатысушылар үшін Астана қаласы бойынша экскурсия ұйымдастыру

Форум өтетін күндері

ИЖТМ, Астана қ. әкімдігі, Мәдениетмині

74

7-ші ДИЭФ өткізу орындарында қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастыру

Маусым

ИЖТМ, Астана қ. әкімдігі

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
БАМ - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ПҚК - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі
ПІБ - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
ҰБ  - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
Ұйымдастыру комитеті - 7-ші Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумын дайындау және өткізуге байланысты комитет
«Қазақтелеком» АҚ - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«Эйр Астана» АҚ - «Эйр Астана» акционерлік қоғамы
«Атамекен» Одағы» ҚҰЭП - Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы «Атамекен» Одағы»
ДИЭФ - Дүниежүзілік Ислам Экономикалық Форумы
«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанаты - «Нұр Отан» халық демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады