"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 34-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
      1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін. 

       Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 14 наурыздағы
№ 34-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі
заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды,
олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 10 қаңтардағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі 

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің
2011.08.04 № 102-ө Өкімімен.

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Акт нысаны

Жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2011 жылғы қыркүйек

2

Қорғаныс мүддесінде Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Қорғанысмині

2011 жылғы қараша

3

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 56 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АШМ

2011 жылғы наурыз

4

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Оңалту орталығы 1», «Оңалту орталығы 2» мемлекеттік мекемелерін тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы наурыз

5

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 және 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 19 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы (ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды, сондай-ақ оны өткізу тәртібін белгілеу бөлігінде)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Әділетмині

2011 жылғы наурыз

6

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 51 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ТЖМ

2011 жылғы наурыз

7

Арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтер тізбесін бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2011 жылғы наурыз

8

Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекіту туралы

АШМ бұйрығы

АШМ

2011 жылғы наурыз

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады