Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 383-IV Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1- 2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41- құжат; № 9, 44- құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67- құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 494-2-бап алып тасталсын;

      2) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «494-2 (екінші бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;

      3) 549-1-баптың бірінші бөлігіндегі «494-2 (бiрiншi бөлiгiнде),» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма бесінші абзацындағы «494-2 (екiншi бөлiгi),» деген сөздер алып тасталсын.

      2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):

      1) 36-баптың 15) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 37-баптың 1-тармағында:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде арнайы су пайдалануға рұқсатты берудi, қолданысын тоқтата тұруды және оны қайтарып алуды жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «6-1) арнайы су пайдалануға рұқсат беруге өтініште көрсетілетін мәліметтерді айқындайды;»;

      3) 40-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздер «осы Кодекспен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға және оны қайтарып алуға;»;

      5) 64 және 66-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      «64-бап. Су пайдалану құқығының түрлерi

      1. Субъектілердің тобы бойынша:
      1) ортақ су пайдалану құқығы;
      2) арнайы су пайдалану құқығы;
      3) оқшау су пайдалану құқығы;
      4) бірлесіп су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
      2. Туындау негіздемелері бойынша:
      1) бастапқы су пайдалану құқығы;
      2) қосалқы су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
      3. Қолдану мерзімдері бойынша:
      1) тұрақты су пайдалану құқығы;
      2) уақытша су пайдалану құқығы болып бөлінеді.
      4. Азамат үшiн ортақ су пайдалану құқығы ол туған кезден бастап туындайды және ешбір жағдайда да шеттетілуі мүмкін емес.
      5. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап арнайы су пайдалану құқығы туындайды.»;

      «66-бап. Арнайы су пайдалану

      1. Мынадай құрылыстар мен техникалық құрылғыларды:
      1) суды жер үсті қабатынан және теңіз суларынан механикалық және өз ағысымен тарту жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылыстарды;
      2) өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, коллекторлы-сорғыту, жауын-шашынды және басқа да қалдық суларды жер үсті және теңіз суларына ағызуға арналған су бұру құрылыстарын;
      3) қалдық суларды суармалы, буландыру, сүзгі алқаптарына және жергілікті жер бедеріне бұруға арналған құрылыстарды;
      4) бөгеттерді және басқа да суды тежейтін және суды реттейтін құрылыстарды (соның ішінде уақытша бөгеу құрылыстарын);
      5) гидравликалық электр станцияларын;
      6) сумен жабдықтауға, пайдаланылған суды ағызуға, сондай-ақ суды суытуға арналған жылу және атом электр станцияларының су шаруашылығы құрылыстарын;
      7) суару, суландыру, суару-суландыру және құрғату жүйелерін;
      8) жер асты суларын алу және өзге де мақсаттар, соның ішінде жерасты суларының жай-күйіне әсер ететін құрғату, су деңгейін төмендету және табиғат қорғау іс-шараларын жүргізу үшін сорғы қондырғыларымен және басқа да суды көтеру құралдарымен жабдықталған су тарту құрылыстарын;
      9) қалдық суларды және басқа да суды жер қойнауына ағызуға арналған су ағызу құрылыстарын (ұңғымалар, құдықтар, шахталар);
      10) шахталардан, карьерлерден, штольнялардан, разрездерден алу үшін пайдаланылатын тау-кен қазындыларының су бұру құрылыстарын;
      11) су деңгейін мәжбүрліктен төмендетпей жұмыс істейтін, жер асты суларын алу үшін өздігінен шығатын ұңғымаларды, шахта құдықтарын, бұлақтар шегендеулерін және басқа да шағын құрылыстарды;
      12) жер асты су тұтқыш қабаттарға және тау-кен жыныстары қуыстарына өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да қалдық суларды, технологиялық ерітінділерді ағызуға арналған сіңіргіш ұңғылар мен құдықтарды;
      13) қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру кезінде көмірсутегі шикізатын әзірлеу және жерасты қабатын шаймалау кезінде жер қыртысы қысымын ұстау үшін қысым айдағыш ұңғымаларды;
      14) судың жай-күйіне әсер ететін басқа да техникалық құрылғыларды қолдана отырып, халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын, ауыл шаруашылығының, өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға қажеттіктерін қанағаттандыру, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу үшін тікелей су объектісінен алып немесе алмай-ақ жер үсті және жер асты су ресурстарын пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
      2. Рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жеке және заңды тұлғалар арнайы су пайдалануды жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
      3. Арнайы су пайдалануға рұқсат негізінде тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жерасты суларын пайдалану жүзеге асырылады.
      4. Мынадай су тарту құрылыстарын: тереңдігі жиырма метрге дейінгі шахталы және құбырлы сүзгілі құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш үстіңгі бірінші қабаттан тәулігіне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейі мәжбүрлі төмендетілмей жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдалану кезінде арнайы су пайдалануға рұқсат қажет етілмейді.
      5. Уәкiлеттi орган шетелдiк заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бepeдi.
      Уәкiлеттi органның өңірлік органдары шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, барлық жеке және заңды тұлғаларға арнайы су пайдалануға рұқсат бередi.
      6. Арнайы су пайдаланудың мынадай түрлеріне рұқсаттар беріледі:
      1) жер үсті су объектілеріне тазартылған өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғытылған және басқа да қалдық суларды ағызу;
      2) тәулігіне елуден екі мың метрге дейін алу лимитімен жер қойнауы бөлігінен шаруашылық-ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану;
      3) осы баптың 1-тармағында аталған құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды қолдана отырып, жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану (бұдан әрі – жер үсті суларын тарту және (немесе) пайдалану).
      7. Арнайы су пайдалануға рұқсат:
      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдарымен – барлық жағдайда;
      2) тиiстi аумақтарда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын атқарушы органдармен – барлық жағдайда;
      3) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның аумақтық органдарымен – шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық жер асты суларын жер қойнауы бөлiгiнен пайдалануына;
      4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық органдарымен – мал шаруашылығы мұқтаждары үшiн суды тарту және мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу, сондай-ақ мал шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөнiндегi мал шаруашылығы үй-жайларынан және кәсiпорындарынан қалдық суларды ағызу кезiнде;
      5) балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен – балық шаруашылықтық мәні бар тоғандардан үстіңгі қабат суларын тарту кезінде және оларға қалдық және сорғытылған суларды ағызу кезінде осы су пайдалану шарттары келiсiлгеннен кейiн жеке және заңды тұлғаларға берiледi.
      8. Жер үсті қабаты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға, тазартылған өнеркәсiптiк, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыған және басқа да қалдық суларды жер үсті қабатындағы су объектiлерiне ағызуға:
      1) теңгерімінде олардың көмегiмен арнайы су пайдалану жүзеге асырылатын, белгiленген талаптар мен стандарттарға сай құрылыстар немесе техникалық құрылғылары;
      2) суды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;
      3) су беруге және (немесе) қалдық және сорғытылған суларды ағызуға қосалқы су пайдаланушылармен шарттары бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар беріледі.
      9. Тәулiгiне елуден eкі мың текше метрге дейін алу лимиттерімен шаруашылық-ауыз су және өндiрiстiк-техникалық мақсаттар үшін жер қойнауы бөлігінен жер асты суларын пайдалануға:
      1) теңгерімінде қолданыстағы санитариялық-эпидемиолоиялық ережелерге, нормалар мен стандарттарға сай келетін құрылыстары немесе техникалық құрылғылары болып, солардың көмегiмен жер асты су объектілерiнен суды тарту жүзеге асырылатын;
      2) су тартуды есепке алу және оның сапасын бақылау құралдары;
      3) қосалқы су тұтынушыларға су беру шарты;
      4) жер асты суларының қорлары туралы мемлекеттiк сараптамалық қорытындысы және жер асты су объектiсi туралы геологиялық ақпараты бар жеке және заңды тұлғаларға рұқсаттар берiледi. Терiс мемлекеттiк геологиялық сараптама болған жағдайда, екі жылға дейiнгi мерзiмге геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу және бұл мерзім өткеннен кейiн жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi уәкілеттi органның қорларға мемлекеттiк сараптама жүргізу шартымен рұқсат берiледi.
      10. Арнайы су пайдалануға рұқсатты ресiмдеу үшiн өтiнiш берушi уәкiлеттi органға немесе оның өңірлік органдарына мынадай құжаттарды:
      1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнайы су пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктің нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;
      3) су шаруашылығы құрылысының, гидромелиоративтік жүйелердің немесе құрылғылардың паспортын;
      4) салық органында есепте қойылғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін;
      5) осы баптың 7-тармағында белгіленген арнайы су пайдалану шарттарын келісуді ұсынады.
      11. Су тарту үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
      1) су тұтынушылар мен олардың суға қажеттіктері туралы мәліметтер;
      2) су тартуды есепке алу және тартылатын су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
      12. Гидроэнергетика мақсаттары үшін су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында аталған құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
      1) гидроэлектр станциясының белгіленген қуаты туралы деректер;
      2) энергетикалық, су ағызу және өзге де құрылыстардың өткізу қабілеті туралы мәліметтер;
      3) балық қорғау және балық жіберу құрылыстары туралы мәліметтер;
      4) жоғарғы және төменгі бьефтердегі су режимі мен су сапасының көрсеткіштерін бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер;
      5) гидроэнергетика мұқтаждарына су ресурстарын пайдаланудың мәлім етілген көрсеткіштері туралы деректер.
      13. Суды алмастан жер үсті қабатындағы су объектілерін пайдалануға байланысты арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін осы баптың 10-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша мыналар ұсынылады:
      1) кеменің техникалық сипаттамалары;
      2) кеменің тіркелген порты (тіркелу орны) көрсетіле отырып оны пайдалануға Кеме қатынасы тіркелімінің рұқсаты;
      3) кемеде құралатын қалдық сулардың, қалдықтар мен шығарындылардың бүкіл көлемін қабылдау үшін жағалау және жүзбелі құрылғылармен қамтамасыз етілуі туралы деректер;
      4) су объектісінің және қоршаған ортаның жай-күйіне келеңсіз әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілерді пайдалану және жұмыстарды жүргізу кезінде акватория учаскесіндегі су сапасын бақылау (қадағалау) құралдарының болуы туралы мәліметтер.
      14. Уәкілетті орган немесе оның тиiстi өңірлік органы – отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн – өтiнiш берушi осы Кодекске сәйкес ұсынған барлық қажеттi құжаттармен өтiнiш берген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей рұқсат бередi.
      15. Заңды тұлғаның атауының өзгеруі арнайы су пайдалану рұқсатының қайта ресімделуін қажет етеді.
      Су шаруашылығы жүйелерін қайта құру немесе су тұтыну шарттарының өзгеруі арнайы су пайдалануға қайта рұқсат алуды қажет етеді.
      16. Арнайы су пайдалануға рұқсат берген уәкілетті орган:
      1) арнайы су пайдалануға рұқсат алу үшін ұсынылған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
      2) Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған жағдайларда заңдарда белгіленген тәртіппен оның қолданысын тоқтата тұрады.
      Осы тармақта аталған жағдайларда уәкілетті орган рұқсаттың қолданысын тоқтата тұрудың себептерін және оларды жою мерзімін жазбаша нысанда көрсете отырып, су пайдаланушыны он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігін және анықталған бұзушылықты жою мерзіміне жүзеге асырылады.
      Хабарламада көрсетілген арнайы су пайдалануға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға әкеп соққан себептер жойылған жағдайда рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған органның жазбаша растамасының негізінде рұқсаттың қолданысы қайта басталады.
      Су пайдаланушының тоқтата тұру немесе қолдануды қайта бастау туралы хабарлама алған кезінен бастап рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған немесе қайта басталған болып есептеледі.»;

      6) 69-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бастапқы және қосалқы су пайдаланушы қайталама су пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.»;

      7) 75-бапта:
      2-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы баптың 2-тармағы 1)-3), 5), 6) тармақшаларында көзделген арнайы су пайдалануға рұқсатты қайтарып алу негіздері, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау барысында айқындалады.
      Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті орган арнайы су пайдалану құқығын тоқтату негіздері болып табылатын фактілер анықталған жағдайда, оларды жою туралы жазбаша нысанда нұсқама шығарады және оларды нұсқама шығарылған сәттен бастап екі айдан аспайтын жою мерзімін белгілейді.
      Су пайдаланушы тек нұсқама талаптарын жоюдан бас тартқан немесе белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, арнайы су пайдалану құқығына рұқсатты қайтарып алуға жол беріледі.
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсатты қайтарып алуға жол беріледі.»;

      8) 82-баптың 1-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, ал жер асты сулары бойынша – жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      9) мазмұнындағы 64-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «64-бап. Суды пайдалану құқығының түрлері».

      3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):

      1) 75-баптың 3-тармағындағы «қажетті өтінім мен» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 77-бапта:
      2-тармақтағы «тоқтата тұруы мүмкiн» деген сөздер «тоқтатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 4) тармақшасындағы «рұқсатты жоюы мүмкiн» деген сөздер «оны жою жөнінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 116-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Осы баптың 1-тармағында аталған лауазымды адамдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.»;

      4) 117-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына елеулi нұқсан келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiм-шартты) бұзу және (немесе) табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру және жою жөнінде ұсыныстар енгізуге;»;

      5) 166-баптың 1-тармағындағы «алынуы мүмкiн» деген сөздер «алынады» деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 286-баптың 2-тармағы «техногендiк минералды түзiлiмдерге» деген сөздердің алдынан «, олар бойынша пайдалы қазбалар өндіруге келісімшарттар жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 293-баптың 2-тармағындағы «шектелуі немесе оған тыйым салынуы мүмкін» деген сөздер «шектеледі немесе оған тыйым салынады» деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):

      1) 21-баптың бесінші абзацындағы «облыстық және соларға теңестірілген соттардың» деген сөздерден кейін «, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 26-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасындағы «еңбекпен түзеу мекемелерiнде» деген сөздер «түзеу мекемелерiнде» деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi туралы» 1993 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 1, 3-құжат; 1995 ж., № 8, 56-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 24, 180-құжат):

      1) 8-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 9-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздер «осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. «Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; № 22, 133-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 920-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2003 ж., № 15, 135-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 2-3, 8-құжат):
      4-баптың бірінші бөлігіндегі «мемлекеттiк қызметтiң басқа түрлерiнен» деген сөздер алып тасталсын.

      7. «Жедел-iздестiру қызметi туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат, № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):
      8-баптың 9) тармақшасындағы «қылмыстық процесте пайдалану үшін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 130-бабында белгіленген тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184, 190-құжаттар; 1998 ж., № 11-12, 174-құжат; № 24, 436-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 1, 2-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат):
      3-баптың 1-тармағы «адам» деген сөзден кейін «мен азаматтың» деген сөздермен толықтырылсын.

      9. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 18, 366-құжат: 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 782-құжат; 2001 ж., № 10, 121-құжат; 2002 ж., № 15. 147-құжат; 2003 ж., № 15, 131-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 94-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2010 ж., №11, 59-құжат):
      34-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесін, сондай-ақ оның сипаттамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».

      10. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, № 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат):
      5-баптың 4-тармағындағы, 16-баптың 1, 3-тармақтарындағы «, жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң», «, жұмысшылар мен қызметшiлер» деген сөздер тиісінше «және қызметкерлерінің», «және қызметкерлер» деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат, № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат):

      1) 6-бапта:
      сегізінші абзацындағы «жүзеге асыру.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту.»;

      2) 21-баптың 1-тармағының сегізінші абзацындағы «заңдарда» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. «Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 6, 69-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 8, 187-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат):

      1) 17-бапта:
      2-тармақтағы «Үкiметi айқындайды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4, 6-8-тармақтар алып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      «17-1-бап. Төтенше жағдайды жою басшысының өкілеттіктері

      1. Төтенше жағдайды жою басшысы:
      1) төтенше жағдай аймағында барлауды және жағдайды бағалауды, қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, адамдарды құтқаруды ұйымдастырады;
      2) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн неғұрлым қауіпті учаскелерді, күштер мен құралдардың қажеттi санын, құтқару жұмыстарын жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн айқындайды;
      3) төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырады;
      4) төтенше жағдайлар аймағындағы объектiлерде және ұйымдардың аумағында құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзу туралы шешiм қабылдайды;
      5) авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдарына мiндеттер қоюды жүзеге асырады, олардың өзара iс-қимылын ұйымдастырады, олардың қауiпсiздiгiн және қойылған мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
      6) төтенше жағдай аймағындағы жағдайдың өзгеруiн бақылауды жүзеге асырады және тиiстi шешiмдер қабылдайды;
      7) қажеттiлiк шамасына қарай қосымша күштер мен құралдар шақыртады, оларды қарсы алуды ұйымдастырады, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу орнын (ауданын) айқындайды;
      8) күштер мен құралдардың резервiн құруды ұйымдастырады, ауысымдық жұмыс тәртiбiн айқындайды;
      9) төтенше жағдайдың жаһандық және өңірлік ауқымда таралуы кезiнде төтенше жағдайлар аймағында қалыптасқан жағдай және авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргiзу жөнiнде өздері қабылдаған шешiмдерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiн, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді;
      10) күштер мен құралдардың төтенше жағдай орнынан кету тәртiбiн айқындайды;
      11) төтенше жағдай өршіген кезде төтенше жағдайды жою басшысы аса қажет болған (адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауiп төнген) жағдайда:
      төтенше жағдай аймағына адамдар мен көлiктiң кіруiн шектейдi;
      төтенше жағдай аймағындағы ұйымдардың қызметiн тоқтата тұрады;
      авариялық-құтқару қызметтерiнiң күштерi мен құралдарын, азаматтық қорғаныс құрамаларын, сондай-ақ ерiктi авариялық-құтқару құралымдарын және аталған құралымдардың құрамына кiрмейтiн құтқарушыларды, олардың құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзуге аттестатталғанын растайтын құжаттары болған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
      халықты ерiктi негiзде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ құтқарушы болып табылмайтын жекелеген азаматтарды өздерінің келiсiмiмен құтқару жұмыстарын жүргiзуге тартады;
      төтенше жағдай аймағында көшiру iс-шараларын жүргiзудi ұйымдастырады;
      төтенше жағдайларды жою үшiн төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың материалдық ресурстар резервтерiн броньнан алады;
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кейіннен шығыстарды өтей отырып, ұйымдардың байланыс құралдарын, көлiк құралдарын және өзге де мүлкiн тартады;
      аса қажет болған жағдайда өздері қабылдаған шешiмдер туралы тиiстi мемлекеттiк органдарды, ұйымдардың басшыларын тез арада хабардар ету жөнiнде шаралар қабылдайды;
      төтенше жағдайлардың өрбуіне және құтқару және шұғыл жұмыстардың барысына байланысты басқа да қажеттi шараларды қабылдайды;
      12) төтенше жағдайларды жою басшылары, авариялық-құтқару қызметі мен құралымдарының басшылары құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажетті төтенше жағдайлар туралы толық және дәйекті ақпаратқа құқығы бар.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, төтенше жағдайды жою басшысының төтенше жағдайды жоюға бағытталған шешiмi төтенше жағдайлар аймағындағы барлық лауазымды адамдар, азаматтар мен ұйымдар үшiн мiндеттi болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайдың жойылғаны туралы жариялағаннан кейiн төтенше жағдайды жою басшысының өкiлеттiгi тоқтатылады.».

      13. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 14-баптың 1-тармағының бесінші бөлігіндегі «бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты, аумақтар мен ұйымдарды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттілiктi басшылыққа ала отырып» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 15-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Азаматтық қорғаныс бастықтары:»;
      екінші абзацтағы «бекiту және iске қосу» деген сөздер «бекiтуге және iске қосуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзацтағы «эвакуациялау» деген сөз «эвакуациялауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртінші абзацтағы «шығару» деген сөз «шығаруға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      бесінші абзацтағы «тарту» деген сөз «тартуға» деген сөзбен ауыстырылсын;
      алтыншы абзацтағы «талап ету құқығы берiледi» деген сөздер «талап етуге міндетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 16-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «лауазымдарының бiр бөлiгi» деген сөздерден кейін «штат санының лимиті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын.

      14. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 22, 94-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      «16) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.»;

      2) 22-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
      «6. Ғылыми сараптаманы жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»;

      3) 23-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы уәкілетті ұйым жүргізеді.».

      15. «Халықтың радиациялық қауiпсiздiгi туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат):

      1) бүкіл мәтіндегі «өкiлеттi», «өкiлеттiгiне», «Өкiлеттi», деген сөздер тиісінше «уәкiлеттi», «уәкілетігіне», «Уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-баптың сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «радиациялық қауiпсiздiк – белгiленген нормаларға сәйкес қызметшiлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерi шектелетiн, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің ерекшеліктері мен сипаттамаларының жай-күйі;».

      16. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат):

      1) 10-бапта:
      4-тармақтың екінші сөйлемі алып тасталсын;
      5-тармақта:
      бірінші абзацтағы «немесе оның қолданылу мерзімін ұзартудан» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген басқа да негіздер.»;

      2) 20-баптың екінші бөлігіндегі «алып қоюы мүмкін» деген сөздер «алып қояды» деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. «Мемлекеттiк құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат):
      15-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «мемлекеттік органдарға» деген сөздерден кейін «өз құзыреті шегінде» деген сөздермен толықтырылсын.

      18. «Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат):

      1) 3-баптың 3-тармағындағы «мемлекеттiк комиссиялар» деген сөздер «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Мемлекеттiк комиссияда еңбек функциялары жүзеге асырылғанға дейін жүргізілген селекциялық жетістіктерді жасау, анықтау және шығару жөніндегі селекциялық жұмыс жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынақтан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың қызметкерлері комиссиядағы бүкіл жұмыс кезеңі ішінде селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беруге өтінім ұсынуға құқығы жоқ.»;

      3) 6-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер аталған мерзім ішінде өтінім беруші аталған талаптарға сәйкес келетін жаңа атау ұсынбаса не шағым беру кеңесінде селекциялық жетістіктің мақұлдаудан бас тартуды дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.»;

      4) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер сарапшы ұйымға бір мезгілде бір сол селекциялық жетістікке патент беруге екі немесе одан да көп өтінім түссе, неғұрлым бұрын жіберілген өтінімге басымдық белгіленеді. Егер өтінім берушілер арасындағы келісіммен өзгеше көзделмесе, бұл өтінімдер бір күнде жіберілген жағдайда, патент сарапшы ұйым берген неғұрлым бұрынғы тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі.»;

      5) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне селекциялық жетістіктерді агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган:
      1) тұқымдар бойынша – шаруашылықтағы пайдалылығы жөнінде тұқымдарды сынау және байқау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша;
      2) сұрыптар бойынша – шаруашылықтағы пайдалылығы жөнінде ауыл шаруашылық дақылдарын сұрыптық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша немесе өтінім берушінің деректері бойынша енгізеді.».

      19. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар):

      1) 7-баптың 5-тармағындағы «жойылуы мүмкiн» деген сөздер «жойылады» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 14-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы «ұйымдар,» деген сөзден кейін «өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 16-баптың 2-тармағындағы «жүргiзiлуi мүмкiн» деген сөздер «жүргізіледі» деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 19-баптың 3-тармағының 6) тармақшасы «жергiлiктi» деген сөздің алдынан «өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 20-баптың 3-тармағында:
      2) тармақша «әрекетке қабілетсіз» деген сөздерден кейін «немесе әрекет ету қабілеті шектеулі» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) депутат қайтыс болған, депутатты хабар-ошарсыз кеткен деп тану туралы сот шешімі не оны қайтыс болған деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген;»;
      5) тармақшадағы «айырылса» деген сөз «тоқтатса» деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) тармақшада «жалпы» деген сөз «немесе құрамына өзі сайланған мәслихат органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 21-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «сондай-ақ» деген сөзден кейін «өзге де» деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «17-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды үйлестіреді;»;

      8) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;».

      20. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат):

      1) 5-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      2) 7-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың, Әділет министрлiгіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;»;

      3) 11-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 14-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «ұсыныс енгiзуге құқылы» деген сөздер «ұсыныс енгізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 20-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;

      6) 34-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      21. «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 7-8, 77-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 9, 44-құжат):

      1) 3-бапта:
      тақырып «Қауіпті өндірістік объектілер» деген сөздерден кейін «және техникалық құрылғылар» деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «құрамында адамның денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпті заттар бар өндіріс қалдықтары;
      радиоактивті және ионды сәулелену көздері;»;
      2), 5), 6) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қауіпті техникалық құрылғыларға:
      1) 0,07 мегаПаскальдан аса қысыммен немесе 115 Цельсий градустан аса судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін техникалық құрылғылар;
      2) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер жатады.»;

      2) 11-баптың 29) тармақшасындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 12-баптың 7-тармағындағы «аккредиттеген» деген сөз «аттестаттаған» деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 14-12-баптың 1-тармағының:
      5) тармақшасындағы «ұйымдар жатады.» деген сөздер «ұйымдар;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім қабылдау және оларға жер бөлуді келісу үшін қажет жоба алдындағы шешімдер жатады.»;

      5) 14-13-баптың 1-тармағында:
      8) тармақшасындағы «құқығына аттестатталуға тиiс» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу құқығына аттестатталуға тиiс.».

      22. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат):
      1-бапта:
      1) тармақшадағы «көмуге» деген сөз «кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы «көмуге немесе» деген сөздер алып тасталсын.

      23. «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» 2002 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 145-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 62-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
      3-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.».

      24. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат):

      1) 1-баптың 43) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «43) ішкі сауда объектілері – жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жем қоспаларын өткізуді жүзеге асыратын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру объектілері;»;

      2) 14-1-баптың 3-тармағы:
      «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердің орнын ауыстыру кезінде» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантин аймақтарында және қолайсыз пункттерде» деген сөздермен толықтырылсын;
      «жұқпалы ауруларының» деген сөздерден кейін «таралуының» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 15-баптың 9) тармақшасындағы «ветеринариялық куәлiк,» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 25-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;»;

      5) 27-баптың 4-тармағындағы «белгiлеуi мүмкiн» деген сөздер «белгілейді» деген сөзбен ауыстырылсын.

      25. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

      1) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын растайтын, өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган немесе облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;»;

      2) 4-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «7) «Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген бiрегей және асыл тұқымдар сұрыптары өндірісін, өткізуді және сатып алуды субсидиялау;»;

      3) 5-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген бiрегей және асыл тұқымдар сұрыптары өндірісін, өткізуді және сатып алуды субсидиялау тәртiбiн айқындайды;»;

      4) 6-баптың 1-тармағында:
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) субсидияланған бiрегей және асыл тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;»;
      мынадай мазмұндағы 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
      «30) тиісті куәлік бере отырып, тұқым сапасы сараптамасы жөніндегі зертханаларға аттестаттау жүргізеді;
      31) Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысандарын бекітеді.»;

      5) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) тұқым шаруашылығы саласында қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқама беруге және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;»;

      6) 23-3-баптағы «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 23-4-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) бiрегей, элиталық тұқымдарға және кейiнгi көбейтiлген тұқымдарға зертханалық сұрыптық сынақтар жүргізу жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
      3-2) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрып сынағы саласында баспа өнімдерін және ақпараттық бюллетеньдерді өткізуден түсетін қаражат;».

      26. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):

      1) 14-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «белгіленуі мүмкін» деген сөздер «белгіленеді» деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 30-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 45-баптың бірінші абзацындағы «болуы мүмкін» деген сөздер «болып табылады» деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін және Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін бекітеді;»;
      3) тармақша «Қарулы Күштердi қолдану жоспарын» деген сөздерден кейін «, қорғаныс мүдделерімен Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау жоспарын» деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 8-баптың 1) тармақшасы «саланың» деген сөздің алдынан «аумақтық қорғаныс іс-шараларына» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 19-баптың екінші бөлігі «бөлiмдерi» деген сөзден кейін «, жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысының құралымдары» деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
      «15) өндірістің барлық кезеңдерінде меншік нысанына қарамастан, орындаушы кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері орналастыратын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының орындалу сапасына бақылауды жүзеге асырады;
      16) өз құзыреті шегінде аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылайды.»;

      5) 23-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы «ел аумағын жедел жабдықтау жоспарын» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын.

      28. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24; 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5; 23-құжат; № 15, 71-құжат):
      18-баптың 6-тармағы «қызметтiк тұрғын үймен» деген сөздерден кейін «не қызметтiк тұрғын үй болмаған жағдайда, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жаймен» деген сөздермен толықтырылсын.

      29. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):

      1) 1-баптың 17) тармақшасындағы «ерікті түрде», «келісімшарт бойынша» деген сөздер алып тасталсын;

      2) 5-баптың 2-тармағындағы «ерiктi түрде» деген сөз алып тасталсын;

      3) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «өткеріп жүрген немесе» деген сөздер алып тасталсын;

      4) 31-бапта:
      6-тармақтағы «немесе тәртiпсiздiгi үшін» деген сөздер «, тәртiпсiздiгi, сондай-ақ басқа да теріс себептер бойынша немесе өз бастамасы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақ «бастамасы бойынша» деген сөздерден кейін «немесе теріс себептер бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 32-баптың 1-тармағындағы «келiсiм шарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін үш жылға, бес жылға, он жылға» деген сөздер «келiсiмшарт үш жылға, бес жылға, он жылға не әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін» деген сөздермен, «әскери қызметке он жылға» деген сөздер «он жыл әскери қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 37-бапта:
      2-тармақтың 2) тармақшасы «ауысуына» деген сөзден кейін «, уәкілетті органға сайлануына немесе судья лауазымына тағайындалуына» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың 1) тармақшасы «кейінге қалдыру» деген сөздерден кейін «немесе шақырылудан босатылу» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Бір жылдан аз қызмет өткерген және әскери қызметтен осы баптың 2-тармағының 3), 6) тармақшалары және 3-тармағының 1) тармақшасы негізінде әскери қызметтен босатылған, жиырма жеті жасқа толмаған сарбаздар және сержанттар құрамындағы келiсiмшарт бойынша әскери қызметшiлер босағаннан кейін мерзімді әскери қызмет өткеру үшін әскери бөлімдерге жіберіледі.».

      30. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат):
      32-баптың 1-тармағындағы «қолдануға құқылы» деген сөздер «қолданады» деген сөзбен ауыстырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                    Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады