Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметінің сапасын қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 70-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметінің сапасын қамтамасыз ету және заңдылық режимін күшейту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жылына екі рет 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2011 жылғы 23 мамырдағы
№ 70-ө өкімімен   
бекітілген     

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың норма
шығармашылық қызметінің сапасын қамтамасыз ету және заңдылық
режимін күшейту жөніндегі іс-шаралар
жоспары

р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың норма шығармашылық қызметі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар

1.1

Заңсыз нормативтік құқықтық актілерді шығарғаны және қолданғаны, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережесін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершіліктен бұлтартпастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ осы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині

2011 жылғы II тоқсан

1.2

Әділет органдарының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарын және әділет органдары тарапынан әсер етудің профилактикалық шараларын күшейту үшін әділет органдарының ден қою актілерін енгізуі үшін негіздерді кеңейтуге (нұсқау, алдын ала ескерту, өтініш)

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині

2011 жылғы II тоқсан

1.3

Әділет органдарының нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуін тоқтату туралы қорытындылар енгізуі, уәкілетті мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған актілердің тізбесін әділет органдарының құзыреті шеңберінде осы актілердің заңдылығын зерделеу мәніне тоқсан сайын ұсынудың тәртібін белгілеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині

2011 жылғы II тоқсан

1.4

Нормативтік құқықтық актілерді жариялау бойынша нақты мерзімді, олардың мемлекеттік және орыс тілінде бір мезгілде жариялануын болдырмауды, ресми жариялаудың қосымша көздерін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қойылатын талаптарды белгілеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині

2011 жылғы II тоқсан

1.5

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінің жұмыс істеуін және нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині

2011 жылғы маусым

2. Әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

2.1

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілердің өлшемдерін анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

Әдістемелік ұсынымдар

Әділетмині

2011 жылғы маусым

3. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың
заң қызметтерінің жұмыс сапасын арттыру

3.1

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің қызметкерлері үшін ведомстволық және өңірлік норма шығармашылығының проблемалы мәселелері бойынша және оларды шешу жолдары туралы семинар өткізу

Семинар

Әділетмині

Жылына 1 рет

3.2

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың заң қызметтері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині, МҚІА (келісім бойынша)

2011 жылғы маусым

3.3

Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда заңгер консультант штаттық лауазымына үміткер кандидаттардың сынақ мерзімін немесе міндетті тағылымдамадан етуін белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині, МҚІА (келісім бойынша)

2011 жылғы маусым

3.4

Мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің барлық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың кезеңділігі бойынша және оларды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып ұсыныстар әзірлеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині, МҚІА (келісім бойынша)

2011 жылғы маусым

3.5

Өздерінің біліктілігін үнемі арттыратын заң қызметтерінің қызметкерлерін көтермелеу нысандарын әзірлеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині, МҚІА (келісім бойынша)

2011 жылғы маусым

4. Әділет органдарының орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардың нормативтік құқықтық актілеріне бақылауын күшейту

4.1

Әділет органдарының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда нормативтік құқықтық актілердің шығарылуын, қолданылуын, мемлекеттік тіркелуін және жариялануын реттейтін заңнаманың сақталуы бойынша тексерулер жүргізуі

Тексерулер жүргізу

Әділетмині

Жыл сайын

4.2

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне оларды жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілермен сәйкестендіру не оларды күші жойылды деп тану мақсатында тексерулер жүргізу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ақпарат

Әділетмині

2011 жылғы желтоқсан

4.3

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қолданыс аясынан ведомстволық және өңірлік норма шығармашылығын бақылауды шығару бойынша ұсыныстар әзірлеу

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсыныстар

Әділетмині

2011 жылғы маусым

5. Ақпараттық іс-шаралар

5.1

Орталық және жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында олардың қызметін регламенттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді орналастыру

Интернет- ресурстар орналастыру

МО

2011 жылғы маусым (одан әрі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қабылдануына орай)

6. Әділет және прокуратура органдарының өзара іс-қимылы

6.1

Прокуратура және әділет органдарының өзара тығыз іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту

Іс-шаралар жоспары

Әділетмині, БП (келісім бойынша)

2011 жылғы маусым

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
МО - Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары
БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады