"КАDEX-2012" екінші қазақстандық халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 103-ө Өкімі

      2012 жылғы 3 - 6 мамыр кезеңінде Астана қаласында «КАDEX-2012» екінші қазақстандық халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесін (бұдан әрі – көрме) өткізу мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі көрмені өткізуді, сондай-ақ оны жария ету жөнінде веб-сайт ашуды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі белгіленген тәртіппен көрмені бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жария етуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерін алдағы уақытта болатын көрме туралы хабардар етсін, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұсынған тізімге сәйкес ресми делегацияларды шақыруды қамтамасыз етсін және көрмені шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі көрмені өткізу кезеңінде құқық тәртібін және делегациялардың жүріп-тұруын күзетуді қамтамасыз етсін.
      5. Астана қаласының әкімдігі:
      1) 2012 жылғы 4 - 6 мамыр кезеңінде көрмені өткізу орнына дейін қоғамдық көліктің қосымша бағыттарын енгізуді;
      2) көрмеге қатысушылар мен келушілер үшін ақылы қоғамдық тамақтандыруды және ұлттық кәдесыйлармен сауда ұйымдастыруды;
      3) шетелдік ресми делегацияларға VIP қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, делегациялар басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағы үстінен ұшып өтуін және Астана қаласының әуежайына қонуын және одан ұшып шығуын қамтамасыз етсін.
      7. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады