"Жаңа - Іле" арнайы экономикалық аймағын құру мәселесі жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 1-ө Өкімі

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 1-бабының 15) тармақшасына және 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
      1. Қоса беріліп отырған «Жаңа – Іле» арнайы экономикалық аймағын құру мәселесі жөніндегі сарапшылық кеңестің (бұдан әрі – Сарапшылық кеңес) құрамы бекітілсін.
      2. Сарапшылық кеңес жиырма жұмыс күні ішінде «Жаңа – Іле» арнайы экономикалық аймағын құру туралы ұсынысқа қорытынды дайындасын.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 9 қаңтардағы
№ 1-ө өкімімен   
бекітілген     

«Жаңа – Іле» арнайы экономикалық аймағын құру
мәселесі жөніндегі сарапшылық кеңестің құрамы

Исекешев                   – Қазақстан Республикасы
Әсет Өрентайұлы              Премьер-Министрінің орынбасары –
                             Қазақстан Республикасының Индустрия
                             және жаңа технологиялар министрі, төраға

Ермегияев                  – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Талғат Амангелдіұлы          министрі, төрағаның орынбасары

Рау                        – Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович             жаңа технологиялар бірінші
                             вице-министрі, төрағаның орынбасары

Карплюк                    – Қазақстан Республикасы Индустрия және
Сергей Алексеевич            жаңа технологиялар министрлігінің
                             Инвестиция комитеті төрағасының
                             орынбасары, хатшы

Дәленов                    – Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы            вице-министрі

Ескендіров                 – Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                даму және сауда вице-министрі

Нұрымбетов                 – Қазақстан Республикасының Еңбек және
Біржан Бидайбекұлы           халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Омаров                     – Қазақстан Республикасының Туризм және
Мұрат Ескелдіұлы             спорт вице-министрі

Скляр                      – Қазақстан Республикасының Көлік және
Роман Васильевич             коммуникация вице-министрі

Тұрмағамбетов              – Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мәжит Әбдіхалықұлы           ортаны қорғау вице-министрі

Жылқайдаров                – Алматы облысы әкімінің орынбасары
Сәкен Егінбайұлы

Райымбеков                 – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Қаналбек Ұтжанұлы            басқару агенттігі төрағасының міндетін
                             атқарушы

Тихонюк                    – Қазақстан Республикасының Құрылыс және
Николай Петрович             тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері
                             агенттігі төрағасының орынбасары

Кәкен                      – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Қарлығаш Ғазизқызы           министрлігі Туризм индустриясы
                             комитетінің төрайымы

Қаржасов                   – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
Сергей Эльдарұлы             министрлігі Туризм индустриясы комитеті
                             төрайымының орынбасары

Тұрсынбаев                 – Алматы облысы туризм, дене шынықтыру
Мұхит Тұрсынбайұлы           және спорт басқармасының бастығы

Омаров                     – «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік
Мәнен Ембергенұлы            академиясының ректоры, профессор
                             (келісім бойынша)

Шәйкенова                  – Қазақстан туристік қауымдастығының
Рашида Рашидқызы             директоры (келісім бойынша)

Қарабаева                  – «Астаналық туризм қауымдастығы» заңды
Рысты Қалиқызы               тұлғалар бірлестігінің президенті
                             (келісім бойынша)

Иса                        - «Арнайы экономикалық аймақтар
Әбжаппар Үкібайұлы           қатысушылары қауымдастығы» дара
                             кәсіпкерлер және заңды тұлғалар
                             бірлестігінің басқарма төрағасы
                             (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады