"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 21-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
      2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 21-ө өкімімен  
бекітілген    

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасы
үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімдері

1

2

3

4

5

1.

«Балалар ауылындағы отбасы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1613 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

2.

Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

БҒМ

2012 жылғы ақпан

3.

«Отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен жасөспiрiмдер үйлерiнiң қызметiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық кесімдерді бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 18 шілдедегі № 583  бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

БҒМ

2012 жылғы ақпан

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады