"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 8 ақпандағы № 28-ө Өкімі

      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
      3. Мемлекеттік органдар тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2012 жылғы 8 ақпандағы
№ 28-ө өкімімен   
бекітілген     

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі

Р/с

Нормативтік құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1.

«Кеден органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қазандағы № 1058 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

Қаржымині

2012 жылғы ақпан

2.

Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2012 жылғы ақпан

3.

«Әкетілетін қолма-қол шетел валютасының шығу заңдылығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 133 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

ҰБ Басқармасының қаулысы

ҰБ (келісім бойынша)

2012 жылғы ақпан

4.

«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық

Қаржымині

2012 жылғы ақпан

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады