1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 7 сәуірдегі
№ 69-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы Заңын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
р/с № |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындалуына жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
«Борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату жөнiнде сауда-саттық жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 326 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
Қаржымині ЭДСМ |
сәуір |
2. |
Оңалтушы басқарушының қорытынды есебінің нысанын бекіту туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
сәуір |
3. |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
сәуір |
4. |
«Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Бұйрық |
Қаржымині |
сәуір |
Ескертпе: абревиатуралардың толық жазылуы:
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі