Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорын құру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Нокин |
- |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы, жетекші |
Галиев |
- |
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары, жетекшінің орынбасары |
Дәленов |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ескендіров |
- |
Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Әлімқұлов |
- |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары |
Ысқақов |
- |
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Отын-энергетика кешенінің мониторингі және талдау басқармасының бастығы |
Ысқақов |
- |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің бас сарапшысы |
Рақымбеков |
- |
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Жамаубаев |
- |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры (Астана қаласы) (келісім бойынша) |
2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорын құру жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов