Салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы 95-ө Өкімі

      Салық саясаты мен салық жүйесі саласындағы жүйелі мәселелерді қарау нәтижелері бойынша салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мәсімов
Кәрім Кажымқанұлы

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, жетекші

Келімбетов
Қайрат Нематұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары

Құсайынов
Марат Әпсеметұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы

Әбдіқалықова
Гүлшара Наушақызы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жәмішев
Болат Бидахметұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі

Жұмағұлов
Бақытжан Тұрсынұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Қайырбекова
Салидат Зикенқызы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Мамытбеков
Асылжан Сарыбайұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Мыңбаев
Сауат Мұхаметбайұлы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі

Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі

Баймолдина
Зауреш Хамитқызы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Тәжияқов
Бисенғали Шамғалиұлы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Рахметов
Нұрлан Құсайынұлы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры – басқарма мүшесі (келісім бойынша).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.08.29 № 157-ө Өкімімен.

      2. Жұмыс тобы 2012 жылғы 1 қарашаға дейін салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады