1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 155-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және «Сауда
мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының
заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңын
іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Нормативтік құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік органдар |
Орындау мерзімі |
1. |
Халықаралық маңыздағы мәртебесі бар теңіз порттарын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның акцияларын төлеуге беру қағидаларын бекіту туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ, ЭДСМ |
2012 жылғы тамыз |
2. |
«Порт құрылыстары мен теңіз порты акваториясын техникалық пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ККМ |
2012 жылғы тамыз |