Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 185-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 16-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 01.02.2013 № 16-ө Өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
      2. Министрлер мен агенттіктердің төрағалары өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес стратегиялық басымдықтар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауапты болады деп белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 11-ө өкімі;
      2) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 11-ө өкіміне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 60-ө өкімі.

      Премьер-Министр                               С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 185-ө өкімімен  
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
С.Н.Ахметов

      Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
      Экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
      Шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері.
      Ақпарат, ақпараттандыру және байланыс мәселелері.
      Қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелері.
      Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
      Заң шығару қызметін үйлестіру.
      Үкіметтің кадр мәселелері.
      Республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық ететін басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық ету.
      Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері.
      Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қ.Е.Көшербаев

      Өңірлік саясаттың жедел мәселелері.
      Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері.
      Агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері.
      Құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері.
      Көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту мәселелері.
      Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.
      Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері.
      Жылыту маусымдарына дайындық және оны өткізу мәселелері.
      «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын, «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны, «Ақбұлақ» бағдарламасын және Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
      «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ә.Ө. Исекешев болмаған кезде оны алмастырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Т.Орынбаев

      Білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, әлеуметтік жаңғыртуды, әлеуметтік саясатты және әлеуметтік әріптестікті, мәдениетті, спортты дамыту, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Кәсіпқор» жобаларын іске асыру мәселелері.
      Жұмыспен қамту, демографиялық және көші-қон саясаты, статистиканы дамыту мәселелері.
      Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, шетелдік кәсіпорындарды қоса алғанда, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысын үйлестіру мәселелері.
      Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру, салық және кедендік әкімшілендіруді қоса алғанда, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері.
      Дүниежүзілік Банктің, Еуропа комиссиясының, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) және Америка сауда палатасының Қазақстандағы жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
      «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қ.Н.Келімбетов болмаған кезде оны алмастырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Қ.Н.Келімбетов

      Макроэкономикалық саясат мәселелері.
      Бюджет саясатының мәселелері.
      Мемлекеттік активтерді басқару мәселелері.
      Қаржы секторының мәселелері.
      Салық және кеден саясатының мәселелері.
      Концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелері.
      Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті дамыту мәселелері.
      Сауда және тариф саясаты мәселелері.
      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері.
      Ғарыш қызметінің мәселелері.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде ынтымақтастық мәселелері.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Е.Т.Орынбаев болмаған кезде оны алмастырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –
Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешев

      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері.
      Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері.
      Өнеркәсіпті, инновацияларды дамыту, техникалық реттеу, шетелдік инвестицияларды тарту, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, ақпараттық технологиялар, туризм мәселелері.
      Алтын өндіру (барлау, өндіру, қайта өңдеу, сату және әкелу-әкету) мәселелері.
      Логистиканы дамыту мәселелері.
      ЭЫДҰ-ның «Қазақстандық ресурстарды тікелей шетелдік инвестициялар және секторалдық инвестицияларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру үшін әртараптандыру» жобасын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Е. Көшербаев болмаған кезде оны алмастырады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы
Е.Ж.Қошанов

      Премьер-Министрді және Үкіметтің басшылығын ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері.
      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігіндегі, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
      Мемлекет басшысының актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау.
      Мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық деректер қорын құру жөніндегі қызметті үйлестіру.
      Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің қызметін қамтамасыз ету.

О распределении обязанностей между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 27 сентября 2012 года № 185-p. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 1 февраля 2013 года 16-р

      Сноска. Утратило силу распоряжением Премьер-Министра РК от 01.02.2013 16-р.

      1. Утвердить прилагаемое распределение обязанностей между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан.
      2. Установить, что министры и председатели агентств несут персональную ответственность за деятельность возглавляемых ими государственных органов по реализации стратегических приоритетов и документов в соответствии с системой государственного планирования Республики Казахстан, ориентированной на результат.
      3. Признать утратившими силу:
      1) распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 24 января 2012 года № 11-р «О распределении обязанностей между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан»;
      2) распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 29 марта 2012 года № 60-р «О внесении изменения в распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 24 января 2012 года № 11-р «О распределении обязанностей между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан».

Премьер-Министр

С. Ахметов
 

Утверждено       
распоряжением      
Премьер-Министра     
Республики Казахстан   
от 27 сентября 2012 года № 185

Распределение обязанностей
между Премьер-Министром, заместителями Премьер-Министра и
Руководителем Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан 

Премьер-Министр Республики Казахстан
Ахметов С.Н.

      Руководство деятельностью Правительства.
      Стратегические вопросы экономической, финансовой, фискальной и таможенной политики, государственного бюджета.
      Вопросы межгосударственных отношений и международного сотрудничества.
      Вопросы привлечения иностранных инвестиций и улучшения инвестиционного климата.
      Вопросы информации, информатизации и связи.
      Вопросы обороны и правопорядка.
      Вопросы развития нефтегазового сектора.
      Координация законотворческой деятельности.
      Кадровые вопросы Правительства.
      Руководство работой Республиканской бюджетной комиссии, Совета по экономической политике, Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики и других консультативно-совещательных органов, возглавляемых Премьер-Министром Республики Казахстан.
      Вопросы развития государственного языка.
      Представление Правительства в отношениях с Президентом Республики Казахстан, а также с Парламентом, Конституционным Советом, Верховным Судом, Генеральной прокуратурой и другими конституционными органами.
      Координация деятельности акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына». 

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
Кушербаев К.Е. 

      Оперативные вопросы региональной политики.
      Вопросы оперативного управления экономикой и региональной политики.
      Вопросы агропромышленного комплекса, земельных и водных отношений, охраны окружающей среды, использования природных ресурсов.
      Вопросы развития строительства и модернизации жилищно-коммунального хозяйства.
      Вопросы развития транспортной инфраструктуры и логистики.
      Вопросы чрезвычайных ситуаций и мобилизационной работы.
      Вопросы развития оборонно-промышленного комплекса.
      Вопросы подготовки и прохождения отопительных сезонов.
      Вопросы координации реализации Программы «Развитие регионов», Программы развития моногородов на 2012-2020 годы, Программы модернизации жилищно-коммунального хозяйства до 2020 года, Программы жилищного строительства в Республике Казахстан на 2011 - 2014 годы, Программы «Доступное жилье – 2020», Программы по развитию агропромышленного комплекса в Республике Казахстан на 2010 - 2014 годы, Программы «Акбулак» и Программы развития транспортной инфраструктуры.
      Координация деятельности акционерного общества «Национальный управляющий холдинг «КазАгро».
      Замещает заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Исекешева А.О. в период его отсутствия. 

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
Орынбаев Е.Т. 

      Вопросы развития образования, науки, здравоохранения, социальной модернизации, социальной политики и социального партнерства, культуры, спорта, религии, реализации проектов «Назарбаев Университет», «Назарбаев Интеллектуальные школы», «Кәсіпқор».
      Вопросы занятости, демографической и миграционной политики, развития статистики.
      Вопросы развития малого и среднего предпринимательства, координация взаимосвязи бизнес-сообщества с государственными органами, включая иностранные предприятия.
      Вопросы реализации административной реформы государственных органов, снижения административных барьеров для предпринимателей, включая налоговое и таможенное администрирование.
      Вопросы координации и реализации проектов Всемирного банка, Европейской комиссии, Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР) и Американской торговой палаты в Казахстане.
      Вопросы координации реализации Программы «Дорожная карта бизнеса 2020», Программы «Занятость - 2020».
      Замещает заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Келимбетова К.Н. в период его отсутствия.      

Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан
Келимбетов К.Н. 

      Вопросы макроэкономической политики.
      Вопросы бюджетной политики.
      Вопросы управления государственными активами.
      Вопросы финансового сектора.
      Вопросы налоговой и таможенной политики.
      Вопросы развития государственно-частного партнерства, включая вопросы концессий.
      Вопросы регулирования естественных монополий и развития конкуренции.
      Вопросы торговой и тарифной политики.
      Вопросы системы государственного планирования.
      Вопросы космической деятельности.
      Вопросы вступления Казахстана во Всемирную торговую организацию и сотрудничества в рамках Евразийского экономического сообщества (ЕврАзЭС), Таможенного союза, Единого экономического пространства.
      Замещает заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Орынбаева Е.Т. в период его отсутствия. 

Заместитель Премьер-Министра – Министр индустрии
и новых технологий Республики Казахстан
Исекешев А.О.

      Вопросы реализации Государственной программы по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан на 2010-2014 годы.
      Вопросы реализации государственной политики по увеличению доли казахстанского содержания при закупках товаров, работ и услуг организациями и государственными органами.
      Вопросы развития промышленности, инноваций, технического регулирования, привлечения иностранных инвестиций, электроэнергетики, геологии и недропользования, нефтехимии, информационных технологий, туризма.
      Вопросы развития золотодобывающей отрасли (разведка, добыча, переработка, реализация и ввоз-вывоз).
      Вопросы развития логистики.
      Вопросы координации и реализации проекта ОЭСР «Диверсификация казахстанских ресурсов для прямых иностранных инвестиций и совершенствования программ по развитию секторальных инвестиций».
      Замещает заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан Кушербаева К.Е. в период его отсутствия. 

Руководитель Канцелярии Премьер-Министра
Республики Казахстан
Кошанов Е.Ж.

      Вопросы информационно-аналитического, правового, организационного, протокольного, документационного, материально-технического и иного обеспечения Премьер-Министра и руководства Правительства.
      Координация деятельности центральных и местных исполнительных органов, ведомств в части подготовки решений Правительства и организации их исполнения, по вопросам соблюдения государственной и исполнительской дисциплины, защиты государственных секретов и обеспечения информационной безопасности.
      Контроль за исполнением актов и поручений Главы государства, данных Правительству, актов Правительства, поручений Премьер-Министра и его заместителей, протокольных решений заседаний Правительства.
      Координация деятельности по созданию единой системы информационно-телекоммуникационного обеспечения государственных органов, в том числе информационных баз данных.
      Организация работы по реализации кадровой политики Правительства.
      Обеспечение взаимодействия Канцелярии Премьер-Министра с Администрацией Президента, аппаратами палат Парламента и акиматами областей.
      Обеспечение деятельности Совета директоров акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и Попечительского совета автономной организации образования «Назарбаев Университет».