Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы № 11-ө Өкімі. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 185-ө Өкімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2012.09.27 № 185-ө Өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу бекітілсін.
      2. Министрлер мен агенттіктердің төрағалары өздері басқаратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес стратегиялық басымдықтар мен құжаттарды іске асыру жөніндегі қызметі үшін дербес жауапты болады деп белгіленсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө өкімі;
      2) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 94-ө өкімі;
      3) «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 61-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 157-ө өкімі.

      Премьер-Министр                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 11-ө өкімімен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Премьер-Министрінің
орынбасарлары және Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы арасында
міндеттерді бөлу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.Мәсімов

      Үкіметтің қызметіне басшылық жасау.
      Экономикалық, қаржы, фискалдық және кеден саясатының, мемлекеттік бюджеттің стратегиялық мәселелері.
      Мемлекетаралық қатынастар мен халықаралық ынтымақтастық мәселелері.
      Шетелдік инвестициялар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері.
      Ақпарат, ақпараттандыру және байланыс мәселелері.
      Қорғаныс және құқықтық тәртіп мәселелері.
      Мұнай-газ секторын дамыту мәселелері.
      Заң шығару қызметін үйлестіру.
      Үкіметтің кадр мәселелері.
      Республикалық бюджет комиссиясының, Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің, Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басшылық ететін басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына басшылық ету.
      Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері.
      Қазақстан Республикасының Президентімен, сондай-ақ Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да конституциялық органдармен қатынастарда Үкіметтің атынан өкілдік ету.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының қызметін үйлестіру.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары С.Н.Ахметов

      Өңірлік саясаттың жедел мәселелері.
      Экономиканы жедел басқару және өңірлік саясат мәселелері.
      Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері.
      Өнеркәсіпті, электр энергетикасын, туризмді дамыту және техникалық реттеу мәселелері.
      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ұйымдар мен мемлекеттік органдардың сатып алуы кезіндегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері.
      Алтын өндіру саласын дамыту (барлау, өндіру, өңдеу, өткізу және әкелу-әкету) мәселелері.
      Агроөнеркәсіптік кешен, жер және су қатынастары, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері.
      Ғарыш қызметінің мәселелері.
      Құрылысты дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері.
      Көлік инфрақұрылымын және логистиканы дамыту мәселелері.
      Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы мәселелері.
      Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын, Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны, «Ақбұлақ» бағдарламасын және Көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.
      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болмаған кезде оны алмастырады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаев

      Білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, әлеуметтік саясатты және әлеуметтік әріптестікті, мәдениетті, спортты дамыту, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Кәсіпқор» жобаларын іске асыру мәселелері.
      Жұмыспен қамту, демографиялық және көші-қон саясаты, статистиканы дамыту мәселелері.
      Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, шетелдік кәсіпорындарды қоса алғанда, бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысын үйлестіру мәселелері.
      Мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру, салық және кедендік әкімшілендіруді қоса алғанда, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, сондай-ақ «Doing Business» индикаторының көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жұмысты үйлестіру мәселелері.
      Дүниежүзілік Банктің, Еуропа комиссиясының, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) және Америка сауда палатасының Қазақстандағы жобаларын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
      ЭЫДҰ-ның «Қазақстандық ресурстарды тікелей шетелдік инвестициялар және секторалдық инвестицияларды дамыту жөніндегі бағдарламаларды жетілдіру үшін әртараптандыру» жобасын үйлестіру және іске асыру мәселелері.
      «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын іске асыруды үйлестіру мәселелері.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н.Келімбетов

      Макроэкономикалық саясат мәселелері.
      Бюджет саясатының мәселелері.
      Мемлекеттік активтерді басқару мәселелері.
      Қаржы секторының мәселелері.
      Салық және кеден саясатының мәселелері.
      Концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелері.
      Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті дамыту мәселелері.
      Сауда және тариф саясаты мәселелері.
      Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мәселелері.
      Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ), Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде ынтымақтастық мәселелері.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж.Қошанов

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2012.03.29 № 60-ө Өкімімен.

      Премьер-Министрді және Үкіметтің басшылығын ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету мәселелері.
      Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ведомстволардың Үкіметтің шешімдерін дайындау және олардың орындалуын ұйымдастыру бөлігіндегі, мемлекеттік және орындаушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
      Мемлекет басшысының актілері мен Үкіметке берген тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылау.
      Мемлекеттік органдарды ақпараттық-телекоммуникациялық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін, оның ішінде ақпараттық деректер қорын құру жөніндегі қызметті үйлестіру.
      Үкіметтің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
      Премьер-Министр Кеңсесінің Президент Әкімшілігімен, Парламент палаталары аппараттарымен және облыс әкімдіктерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің және «Назарбаев Университеті» дербес білім ұйымы Қамқоршылық кеңесінің қызметін қамтамасыз ету.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады